ШҰҒЫЛ! «АМАНАТ» САЙЛАУДЫҢ АШЫҚ, ӘДІЛ ӨТУІН БАҚЫЛАЙДЫ Толығырақ

ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ

15:01, 14 мамыр 2019

Ауылдың еңбек жастары арасында «Жас келсе-іске» атты республикалық форум бастау алды. Іс-шараға қатысу үшін Петропавлға келген Ақмола, Қостанай және облысымыздың білімді әрі еңбекққор жастары Абылай хан резиденциясы музей-кешенінде өңіріміздің тарихи әрі көрікті жерлерімен жақынырақ танысу үшін қызықты квест ойнады.

Ақмола облысынан келген 16, Қостанай облысынан 12 және өңіріміздің 20 қыз бен жігіті ауылда берекелі еңбек етіп, елді-мекендерді дамытуға өз үлестерің қосып жүргендер. «Жастар жылына» орай ұйымдастырылған форумға қатысу үшін Қызылжар өңіріне келіп отыр. Республикалық іс-шара бүгін Есіл ауданындағы Покровка ауылының Жәлел Қизатов атындағы ауылшаруашылық колледжінде өтпек.

ГҮЛНӘР ҚАСЫМОВА, МӘДЕНИЕТ, СПОРТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай облыстық кәсіподақ «Жас келсе-іске» атты республикалық форум өткізуді ұйғарды. Басты мақсатымыз ауылдарда, шалғай елді-мекендерде қажырлы еңбек етіп жүрген жастарға қолдау көрсету және олардың баспана, балабақша және мектеп кезегі секілді басқа да мәселелерін шешуге көмек көрсету.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

«АМАНАТ» САЙЛАУДЫҢ АШЫҚ, ӘДІЛ ӨТУІН БАҚЫЛАЙДЫ
15:07, 21 мамыр 2019
«АМАНАТ» САЙЛАУДЫҢ АШЫҚ, ӘДІЛ ӨТУІН БАҚЫЛАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
21:36, 17 мамыр 2019
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
14:40, 17 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
Толығырақ...