ШҰҒЫЛ! СУДЬЯЛАРДЫҢ VIII СЪЕЗІ ӨТТІ Толығырақ

ЖАС КЕЛСЕ, ІСКЕ

20:43, 12 ақпан 2020

«Жас кәсіпкер» жобасы- кәсіппен айналысқысы келетін жастар үшін үлкен мүмкіндік. Оған 18 бен 29 жас аралығындағы кез- келген жұмыссыз адам қатыса алады. Былтыр бұл жоба аясында өңірде 600 жас арнайы курстан өтіп, оның 253-і ғана грантқа ие болыпты. Солардың бірі- Саят Хамзин.  Әріптесім Нұрбол Балғабеков талапшыл жігітпен кездесіп, бизнесімен танысып қайтты. Сюжетке назар аударайық.

Петропавл қаласының тұрғыны Саят Хамзин ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүрген. Кейін өткен жылы ғана іске қосылған «Жас кәсіпкер» жобасы жайында естіп, бірден өз бизнес жоспарын құрастырып, арнайы курстан өтіпті. Содан соң оған мемлекет 200 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз грант берген.  Қазіргі таңда ол қаламыздағы  ірі сауда орталықтың бірінде тәтті мақта дайындайтын сауда орнын ашып, өз кәсібін дөңгелетіп келеді.

САЯТ ХАМЗИН, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

«Оқу курстары жақсы өтті. Бізге білікті мамандар сабақ берді. Мен тәтті мақта дайындайтын сауда орнын ашқым келді. Бұл идеяны әлеуметтік желіде көрген едім. Ол мені бірден қызықтырды. Жобамды сәтті қорғап шықтым. Маған мемлекет қайтарымсыз грант берді. Оған мен Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы қондырғы сатып алдым. Өте қуаныштымын. Қазір жұмысым өрге басып келеді.»

21-жастағы жігіт тәтті мақтаның кез-келген фигурасын жасай алады. Оған көп уақыт та кетпейді екен.

САЯТ ХАМЗИН, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

«Мен мұндай идеяны Қазақстанда көрген жоқпын. Сондықтан осы кәсіппен айналысқым келді. Ең біріншіден қоянның пішінін әзірлей  бастадым. Қазіргі таңда аю, мысық сынды жануарлардың формаларын еш қиындықсыз жасай аламын. Бұл- балаларға қатты ұнады. Өйткені тәтті мақта- балақайлардың сүйікті тағамы десем де қателеспеймін.»

НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ, ТІЛШІ:

- «Тәтті мақтаны дайындау барысында ең біріншіден қантты қосып алу қажет. Кейін құрылғыны қосып, мына таяқшаны айналдыра бастаймыз. Міне, 5-минуттың ішінде тәтті мақтамыз дайын болып шықты.»

Жалпы, былтыр облыс бойынша «Жас кәсіпкер» жобасына 600 адам қатысып, оның 253-і  қайтарымсыз грантқа ие болыпты. 

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИФТЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМ ӨТТІ
20:44, 23 қазан 2020
ТАРИФТЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМ ӨТТІ
Толығырақ...
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...