ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЖАС КӘСІПКЕР

13:01, 18 шілде 2019

Жұмыссыз жүрген немесе өз мамандығы бойынша еңбек еткісі келмейтін жастарға мемлекет жеке бизнесін ашуға көмек береді. Өңірлерде «Жас кәсіпкер» жобасы жұмысын бастамақ. Оған әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы және еңбекке қабілетті мүгедектер қатыса алады. Шарт бойынша үміткерлердің жасы 29-дан аспауы тиіс. Жоба жайлы тілшіміз толықтырсын. 

«Жас кәсіпкер» жобасы өңірімізде шілденің 22- нен басталады. Алғашқы екі күн бойы үміткерлер іріктеуден өтеді. Жобаға кімдер қатыса алады?

РАҚЫМБЕК ЗЕЙНУЛЛИН, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- 18-29 жас аралығындағы НЕЕТ санатындағы жастар осы жобаға қатыса Яғни, белгілі бір себептермен жұмыс істемейтін немесе оқымаған азаматтарды бизнеске тартып көреміз.   - Курс 15 күнге шақталған. Кәсіпкерлік негіздері жөніндегі дәрістер аудандар да өткізілмекші. Бизнес тренерлермен бірге өз жобасын жазады. Соны қорғап, сертификат ала алады. 

Сол сертификаттың негізінде 505 мың теңге қайтарымсыз грантқа ие болу мүмкіндігі бар. Бірақ бұл қолдау қаражаты 150 адам ғана беріледі.

ӘРСЕН ОРАЗАЛИНОВ, БИЗНЕС-ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

Қайтарымсыз грант иегері мемлекеттен алған алған ақшасын  қондырғылар мен құрылғыларды сатып алу мақсатына жарата алады. Өзге мақсатқа қаражат берілмейді. Сонымен қатар «Жас кәсіпкер» сертификатын  алғандар мемлекеттің арзан несиесіне үміт арта алады. Кепілдік несиесі жылдық 6 пайыз мөлшерлемесімен беріледі.

«Жас кәсіпкер» жобасының жастарға берері мол. Атап айтқанда, бизнесті жүргізудің тиімді әдістерін үйретеді. Салық, маркетинг, бухгалтерлік есеп, құқықтық сауатылық, интернет саудасы жайлы білім көкжиегін кеңейтеді. Жобаға солтүстіктен 600 адамды қатыстыру жоспарланған. Әзірге аудитория жиналған жоқ. Жаңалықты жастар арасында жарнамалау жұмысымен «Жас отан» ЖҚ-ы айналысуда.  

АБЫЛАЙХАН ҚАЙРОЛЛА, “ЖАС ОТАН” ЖҚ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ

- Бұл бағдарламаны көпшілігі әлі білмейді. Қазіргі таңда біз әлеуметтік желілер арқылы, және де өзіміздің кездесулеріміз арқылы, Осы сіке еріктілер мен белсенділерді тартпақшымыз.  - Әлеуметтік желілердегі акаунттарымыз жас отан _sko  

Еске салайық, бағдарламаның шектеулері бар. Университет, колледжде оқып жүрген студенттер бұл жобаға қатыса алмайды. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...