ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

«ЖАС КӘСІПКЕР»

17:56, 4 қыркүйек 2019

Петропавлда оқу курсынан өткен болашақ бизнесмендер «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша өздерінің жобаларын қорғады. 38 солтүстікқазақстандық екі апта бойы кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерген болатын. Іскерлікке бет бұрғандар қандай салаға басымдық бермек? Келесі бейнематериалда толығырақ.

Оқу курсынан өткен 53 азаматтың, 38-і бүгін қызмет көрсету саласы, инновация мен басқа да салалар бойынша өз бизнес жобаларын қорғауда. Осылайша олар 13 күн бойы алған білімдерін іс жүзінде дәлелдемек.

 ӘРСЕН ОРАЗАЛИНОВ, «ЖАС КӘСІПКЕР» ЖОБАСЫНЫҢ БИЗНЕС-ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

- Бүгінгі өз бизнес жобаларын қорғап жатқандардың басым бөлігі мемлекет тарапынан берілетін 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алуы мүмкін. 3 қатысушы өз жобаларын жүзеге асыру үшін  ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы несие ресімдеуді көздеп отыр.

Өз ісін бастағысы келетіндердің бірі - Қайрат Жұмади. Оның мамандығы дәрігер-реабилитолог. Ол емдік денешынықтыру және кинезтерапия орталығын ашуды жоспарлаған.

ҚАЙРАТ ЖҰМАДИ, «ЖАС КӘСІПКЕР» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫ:

Ашып жатқан орталығымның негізгі мақсаты тірек қимыл жүйесі бар адамдар, яғни омыртқа жотасы, үлкен буындары ауыратын адамдарды емдеу. Осы емдеу орталығының болашағы үлкен болады. Себебі қазіргі адамдар арасында, балалар ароасында да омыртқа жотасы аурулары бар адамдар өте көп. Ал реабилтолог мамандарымыз аз, емдік орталықтарымыз аз.Сондықтан осы адамдарды емдеймін деп ойлаймын.

Бүгінгі күнге дейін 269 адам оқу курсының екінші легін тәмамдаса, 331 азамат бірінші курсты аяқтады. Тиісінше өз кәсібін бастағалы отырғандарға «Жас кәсіпкер» бағдарламасының 70-тен аса қайтарымсыз гранты берілді.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар