ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТТІҢ ГЕРМАНИЯҒА САПАРЫ Толығырақ

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР БАЙҚАУЫ

20:40, 21 қазан 2019

Петропавлда оқушылар арасында ұйымдастырылған   кәсіпкерлер байқауының қорытынды кезеңі өтті. Байқауға 90-ға жуық  мектеп бітіруші түлек қатысып, өз бақтарын сынады. Кім үздік атанды? Және сайыс талаптары қандай? Арна тілшілері тарқатсын.

Стартап байқауының  мақсаты - жас қазақстандықтардың кәсіпкерлік бастамаларына кеңінен қолдау көрсету. Өткен демалыс күндері Петропавлда  мектеп оқушылары өздерінің  түрлі әлеуметтік және бизнес жобаларын қазылар алқасы алдында  қорғады.

 ВЯЧЕСЛАВ КИМ, БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

- Мектеп оқушылары арасында осындай сайыстарды өткізудің маңызы зор. Себебі кезінде маған қолдау көрсететін адам болмап еді. Сондықтан осындай байқауды өзім  ұйымдастыруды жөн көрдім. Жастайынан бизнеске бет бұрса, уақыт өте соның нәтижесін көреді.

Байқауға қатысушылар бренд құру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту және басқа да бағыттар бойынша  түрлі тренингтерден өтті. Оның қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылған жоба  авторына сыйақымен қоса, ұйымдастырушылар тарапынан ақпараттық қолдау көрсетіледі.  Қатысушылардың бірі - Арман Әлбеков. Ол - «ЛОРД» облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы.

АРМАН ӘЛБЕКОВ, ЖОБАҒА  ҚАТЫСУШЫ:

- Біздің жоба «ги-ки-кэйс» деп аталады. Яғни, сыйлықтар қорабы. Қазіргі уақытта жаңадан кино, музыкалық группалар шықса, олардың суреттері, қолтаңбалары басылған жейделерді табу қиын. Сондықтан да, атақты музыкалық топтардың жанкүйерлерін қуанту мақсатында, біз өзіміз арнайы сыйлықтар, киімдер шығаратын боламыз.

Финалдық кезеңге 5 әлеуметтік және 5 бизнес жоба қатысты. Анастасия Тонконогова өз жобасы арқылы зиянды әдеттерден құтылудың жолын ұсынбақ.

АНАСТАСИЯ ТОНКОНОГОВА, ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫ:

- Қазіргі уақытта жастар арасында темекі, нашақорлық пен алкогольді сусындарға деген тәуелділік артып келеді. Мен өзім жеке команда құру арқылы, яғни, блогерлік бағытты дамытып, әлеуметтік желіге түрлі видеолар жүктеп - күресеміз.

Айта кетейік, байқау  тек мектеп  оқушылары арасында ғана өтті. Болашақта ұйымдастырушылар студенттер үшін деа  осындай іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
13:01, 3 желтоқсан 2019
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
17:55, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...