ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ЖАСТАР ПРЕЗИДЕНТТІ ҚОЛДАЙДЫ

17:50, 12 маусым 2019

Бүгін ел астанасындағы Тәуелсіздік сарайында ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Осы бір айтулы оқиғаға байланысты өңіріміздің белсенді жастары өздерінің пікірлерін білдіруде.

Лауазымына кіріскен жаңа президент ұлықтау рәсімінде алға қойған жоспарларды, бірқатар нақты жобаларды жария етті. Онда бірқатар маңызды мәселелер қамтылған. Президенттің айтуынша жастар экономикалық прогресстің қозғаушы күші, сондықтан да олардың жоғары деңгейде білім алуына, баспаналы болуына және өз жобалары мен ұсыныстарын жүзеге асыруына барынша жағдай жасалуы керек. Оған қоса Қосым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен 2020 жылы волонтерлар жылы деп жарияланды.

ЛИЛИЯ ГИЗАТУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ЕРІКТІЛЕР  КЛУБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ол елімізді жаңа белеске көтеретініне сенеміз. Өйткені Қасым-Жомарт Тоқаев өте білікті басшы. Бүгін ол алға қойған мақсаттарды атап өтті. Біз еріктілер Елбасымызды толықтай қолдаймыз және тек облысымыздың емес, сонымен қатар мемлекетіміздің барлық жастарын президентімізге құрметпен қарап елімізді көркейту, дамыту жолында жұдырықтай жұмылып, өз үлестерін қосуға шақырамын.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
17:55, 19 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
Толығырақ...