ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ АШАР «ЖАС КӘСІПКЕР» ЖОБАСЫ

17:55, 8 тамыз 2019

24 шілдеден бастап СҚО аудандарында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер» бағдарламасын іске қосқан болатын. Аталмыш бағдарлама Айыртау ауданы жастарының арасында аса сұранысқа ие. Бұл жерде 40-қа жуық жас бизнестің қыр-сырын үйреніп, кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдіріп отыр. Болашақ бизнесмендермен біз де танысып қайттық.

Саумалкөлдік жастар үшін  екі апта бұрын «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша оқыту сабақтары басталды. Аталмыш жоба танымал әрі өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерген «бизнес Бастау» бағдарламасы іспеттес.   Жас кәсіпкер жобасына 29ға дейінгі азаматтар қатыса алады. Оқыту мерзімі 21 күн.

БАТЫРХАН АХМЕТОВ, БИЗНЕС ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

- Мұнда біз тәжірибелік тапсырмаларды, түрлі кейстерді қолдана отырып, түрлі жағдайларда болашақ бизнесмен қандай әрекет жасауын үйретеміз. Сондай-ақ, ауданда тапшы бизнес түрін ескере отыра, жаңа жобалар құрып жатырмыз.

Ерсұлтан Уәйіс өнер саласында қызмет етіп жүрген жан. Жас кәсіпкер бағдарламасы жайлы жақындарынан естіп, өзін кәсіпкерлік  саласында байқап көргісі келеді. 22 жастағы жас жігіт сүйген ісін табыс көзіне айналдыру мақсатында, бизнес деген не? бизнес жоспарды қалай құру қажет деген сауалдарға жауап іздеу үшін келген. 

ЕРСҰЛТАН УӘЙІС,  "ЖАС КӘСІПКЕР" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫ:

- Таңдап жатқан бизнес Айыртау ауданда, той агенствосын ашу. Тур агенстваның жұмысы атап кететін болсақ, біздерге келген клиенттерге, біздің тарапымыздан қандай тамадалар бар. Қандай музыканттар бар, сол жағынан көмектесеміз. Тойдың жақсы өтуіне үлесімізді қосамыз. Балаларға арналған мерекелік шаралар өткіземіз.

Атап өтетін жайт, жоба аясында ауданға шынымен де қажет, әрі креативті бизнес жоба иесіне қайтарымсыз түрде 505 мың теңге сомасында грант қарастырылған. Жыл соңына дейін Айыртау ауданында   жастардың тағы екі легі үшін оқу курстары ұйымдастырылмақ. 

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
18:00, 13 желтоқсан 2019
МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:56, 13 желтоқсан 2019
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...