ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

«ЖАСЫЛ ЕЛ» САРБАЗДАРЫ КӨМЕККЕ КЕЛДІ

17:52, 8 тамыз 2018

Жазғы демалыс кезінде қосымша қаржы тауып, «Жасыл ел» еңбек жасағының қатарында жүрген жастар тобы өз жұмыстарын бүгінгі күні белсенді атқаруда.  Аталмыш бағдарлама аясында   облыста маусым айында 101, шілдеде 410 сарбаз еңбекке араласты.  Бүгінгі күні олар еріктілер қатарында көмекке зәру адамдарға қол ұшын беруде. Толығырақ тілшіміздің материалында.

3-ші топтағы мүгедек Лариса Костарева қазір жалғыз өзі тұрады. Аяғына ота жасалғалы бері өз бетінше қимылдап, үй шаруасын жасау қиын тиіп жүр. Қуанышына орай, кейуанаға «Жасыл ел» сарбаздары көмекке келді.  

 ЛАРИСА КОСТАРЕВА – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ  ТҰРҒЫНЫ

- Мен дүкенге шығып бара жатқан едім, аулада балалардың тұрғанын байқадым. Олардан кім екендерін сұрадым. Олар өздерінің «Жасыл елден» келгендерін және зейнеткерлер мен мүгедектерге көмек көрсететіндерін айтты. Олар  аулада қаулап өсіп кеткен шөптерді жұлып, дүкенге барып, терезелерді жуып берді.

«Жасыл ел» сарбаздары  бұл үйге осымен  үшінші рет келіп отыр. Олар ауланы тазалап, бау-бақшаның арам шөптерін отады. «Жасыл ел» еңбек жасағының қатарында мектеп оқушылары, студенттер бар. Солардың бірі - Зарина Мақшаева,  Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің журналистика мамандығының 1 курс студенті.

ЗАРИНА МАҚШАЕВА - «ЖАСЫЛ ЕЛ»  ЖАСАҒЫНЫҢ  САРБАЗЫ

- Мен жалпы бұл волонтерлық қызмет атқарып жүрген жасыл ел ұйымын әлеуметтік желілерден байқадым және ойланбастан-ақ осы жерге келуді ұйғардым. Менің ойымша бұл.. көмекке мұқтаж қарттарға біз үшін, біздей жастар үшін бұл парыз. Сол себепті осы жұмысқа келуді ұйғардым.

 Айта кетейік, «Жасыл ел» сарбаздарының жалақысы - 28 мың теңгені құрайды, ал орман шаруашылығында істейтін жастарға  56 мың теңге төленеді.

ДАЯНА ОСПАНОВА – СҚО  БОЙЫНША «ЖАСЫЛ ЕЛ» ШТАБЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ

- «Жасыл ел» өз жұмысын маусым айынан бастады. Жастар ресурстық орталығы     мен басқа да  жұмыс берушілердің көмегімен  101 сарбаз жұмысқа орналастырылды. Жасаққа  16 мен 29 жас аралығындағы жастар қабылданады. Көбінесе, 18 жасқа дейінгілер қалалық отрядтарда жұмыс істейді және олардың жұмыс уақыты 4 сағат, ал 18 жастан асқандар  орман шаруашылығында еңбек етеді.

«Жасыл ел» бағдарламасы жақсы бастама ретінде бүгінгі күні өз жұмысын ойдағыдай атқаруда. Қаншама студент бос уақытын тиімді өткізе отырып еліне қызмет жасауда. 

АИДА ХАЙРУЛЛИНА 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
20:11, 16 желтоқсан 2018
ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
Толығырақ...
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:08, 16 желтоқсан 2018
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...