ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

"ЖАСЫЛ ЕЛ" – ЖАСТАР ТІРЕГІ

17:55, 14 тамыз 2019

Ел аумағында  «Жасыл ел» бағдарламасының жүзеге аса бастағанына биыл 14 жыл. Жазғы демалыс уақыттарын тиімді  өткізіп, жұмыс істеп, қаржы табуға мүмкіндік берген бағдарламаға бүгінде жастар арасында сұраныс артқан. Биыл өңірде 665 адам осы ұйым арқылы жұмыс істейді. Олар орман шаруашылықтарында ғана емес, өңірді көріктендіруде де белсенді еңбек етуде.

Биыл «Жасыл ел» ұйымына республикалық және жергілікті бюджеттен 47 млн теңге бөлінген. Еріктілер Петропавлдың 12 орман шаруашылығында, кәсіпорындарда және Петропавлдың аулаларында да жұмыс істеуде. Еріктілер жарты күн, яғни  таңғы 9дан 13-00ге дейін жұмыс істейді.

КИРИЛЛ НАУМЕНКО, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСАҒЫНЫҢ КОМАНДИРІ:

«Жасыл елде» өткен жылдан бері жұмыс істеймін.Мен  ресми түрде орналасқандықтан, 35900 теңге  жалақымнан барлық міндетті төлемдер ұсталынады. Күніне 4 сағат жұмыс істеп 1500 алу өте керемет мүмкіндік. Біз бұл жерде уақытымызды өте қызықты өткіземіз. Түрлі іс-шараларға қатысамыз. Мәселен, жақында ғана кітапханада атақты жазушымен кездестік.  

«Жасыл желек-жан саясы» ұстанымымен жүретін жастар бұл жерде еңбекақымен қатар өздеріне жаңа достарда табады. Қоршаған ортаны тазалап, көгалдандыру мен уақытты қызықты өткізу біздің жұмысымыз дейді олар.  Биыл «жасыл ел» бағдарламасы арқылы өңірдің 665 жасы жұмысқа орналасады. Осы жылы отряд жауынгерлері  экологиялық, еріктілер мен медиа отряд болып 3-ке бөлінген.

ЗАРИНА ҚАЗОВА, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСАҒЫНЫҢ ВОЛОНТЕРІ:

- Осы «Жасыл ел» жасағында тамыз айынан бастап жұмыс жасап жатырмын. Маған өте ұнайды. Себебі біз осы тұрғын үйлердің тұрғындарына көмектесеміз, қоқыстарды тазалап, ағаштарды жинаймыз.

"Таза жағалау", "Саябақтар шеруі", "Жасыл қала"акциялары «Жасыл ел» жасағы мүшелерінің дәстүрлі  түрде өткізілетін іс-шараларына айналған. Айта кету керек, биыл  өңірімізде «Жасыл ел» бағдарламасының 14 жылдығы республикалық деңгейде аталып өтпек.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...