ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

«ЖАСЫЛ ОФИС» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

17:19, 20 қараша 2020

Республика көлемінде екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан «Жасыл офис» сайысы қорытыланды. Аталмыш шараға еліміздің түкПір-түпкірінен 50 адам 10 номинация бойынша қатысып, бақ сынасқан. Сайыста солтүстік өңірдің намысын қорғаған кәсіпкер жеңіске жетіп, арнайы сертификатпен марапатталды.Еліміздегі жағдайға сай рәсім онлайн форматта өтті.  

«Жасыл офис» республикалық сайысының мақсаты- жасыл технологияларды насихаттап, энергияны үнемдеуге шақыру. Ең бастысы табиғат жанашырларын басқаларға үлгі ету. Аталмыш сайыс 10маусым мен  1 қазан күндері аралығында өтті. Оған кез-келген сала өкілдері, кәсіпкерлер қатысуға мүмкіндік алды.  

АСХАТ СҮЛЕЙМЕНОВ, G-GLOBAL ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ДАМУ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Бірнеше айға созылған «Жасыл офис» сайысы қорытыланды. Биыл оған елімізден 50ге жуық адам қатысып, өз бақтарын сынады.Алайда қазылар алқасының шешімімен тек 20 қатысушы жеңіске жетті. Олар арнайы дипломдармен марапатталды. Бұл шара жасыл экономиканы қолдап, үнемдеуге, табиғи заттарды қолданып, қалдықтарды қайта өңдеуді насихаттауға арналған. Келер жылы да дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады.

Жеңімпаздардың ішінде  жерлесіміз  «Restauration»ЖШС басшысы Айтықан Қалғаевада бар. Кәсіпкерлік саласында жүргеніне 30жылдан асқан оның мейрамханасында тек жарықүнемдегіш шамдар қолданылып, пайдаланылған заттар қайта өңдеуге жібереді екен. Соңғы 5жылда мұны әдетке айналдырған кәсіпкер үнемдеудің пайдасын көріп отыр..

АЙТЫҚАН ҚАЛҒАЕВА,  «RESTAURATION»ЖШС БАСШЫСЫ:

- 5 жыл бұрын мен кәдімгі ауыз суға айдың аяғында өте көп ақша төлейтінмін. Ол кезде менде тек мейрамхана болатын. Ал соңғы жылдары бізде қонақ үйде бар, түрлі құрлыс жұмыстары жүргізілді.Яғни суды да өте көп пайдаланатын болдық. Бірақ соның өзінде бұрыңғымен салыстырғанда 3есеге ақшаны аз төлеймін. Және электр жүйесіне де солай. Мұның барлығы менің жасыл экономика жайлы біле бастауымның арқасында. Бүгін міне,қызмет көресу саласы номинациясында жеңіске жеттім.Өз ақшаңды үнемдей отырып, сайыс жеңімпазы атану өте керемет.

Қазіргі уақытта кәсіпкер энергияны үнемдеуге қатысты өзінің жобасын дайындап жатыр. Оны республика көлеміндегі сайыстарға ұсыну да жоспарында бар. Өз жобасы арқылы қаланы шаңнан тазартып, қоқыстан арылту жолдарын ұсынбақ.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
20:40, 24 қараша 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:21, 24 қараша 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...