ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ Толығырақ

ЖАТАҚХАНА ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ

20:32, 10 шілде 2019

Солтүстік Қазақстан облысында студенттердің жатақханасы жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін құрылыс саласына жеке инвестиция тартыла бастады. Бүгінгі күні өңірде 3000-ға жуық студентке орын жетіспейді екен. Бұл мәселе қалай  шешілмек? Арна тілшілерінің бейнематериалы.

Әр кәсіпкер қаржы орталығына жүгініп өтініш бере алады. Егер құжаттарының барлығы талапқа сай келсе, онда инвестордың немесе жеке кәсіпкердің жатақхана салу немесе жабдықтауға келісім шарт жасауға мүмкіндігі бар. Қазір Солтүстік Қазақстан облысында 3000-ға жуық студентке жатақханада орын жетіспейді. Өңірде 2022 жылға дейін 5 жатақхана пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Бірақ тіпті олар да қажеттілікті қанағаттандыра алмайды. Себебі, небары  2260 орынға шақталған.

СЫМБАТ НӘБИЕВ, "ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ" АҚ САРАПШЫСЫ:

- Кәсіпкерлер өз қаражатына нысандарды қайта жөндейді.  Пайдалануға берілгеннен кейін жатақханада нақты тұратын студенттердің тізімі бойынша  оларға мемлекеттік тапсырыс орналастырылады.Мемлекеттік тапсырыс бойынша жатақхананы жаңадан салса  122 АЕК, ал ескі нысанды жаңартса 47 АЕК ақша  төленеді.  Сондай-ақ осы жатақханада қосымша коммерциялық алаңдар тұрғызылуы мүмкін және инвесторлар студенттерден осы үшін  қосымша ақы ала алады.

М,Қозыбаев атындағы СҚМУ Республиканың ең үздік 30 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Мұнда студенттер тек Қазақстаннан ғана емес, сонымен қатар көрші елдерден де келіп білім алады. Қазіргі таңда оқу орнының 3 жатақханасы бар. Өткен жылы шетелдік студенттер үшін оқу ғимараттарының бір бөлігін қайта жабдықтауға тура келді. Егер облыс бойынша студенттер үшін орын жетіспеушілігінің жалпы саны 3000-ға жуық болса, олардың жартысы СҚМУ жастары. Бұл мәселені шешу үшін биыл жаңа жатақхана  құрылысын бастау  жоспарланған.

ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ БІРІНШІ ПРОРЕКТОРЫ:

- Қазір "СевХимАгро" ЖШС-мен келіссөздер жүргізіліп жатыр, ол қазіргі уақытта өз қаражатына Театральная көшесі бойында 300 орындық жатақхана салуға әзірленуде.  Екінші деңгейлі банктермен келісім жасалып, осы нысанның құрылысы биылғы жылдың күзінде басталады.

Бағдарлама бойынша жұмыс істегісі келген кәсіпкерлер қаржы орталығына барып, алдын-ала шарт жасасуы керек немесе   колл орталығына хабарласса болғаны.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ  1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
18:05, 19 шілде 2019
АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ 1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...