ШҰҒЫЛ! БЕСКӨЛДЕ 300 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАТАҚХАНАДАҒЫ ӨРТ

20:40, 16 қыркүйек 2020

Бүгін Н. Назарбаев көшесі 225 мекенжайында орналасқан жатақханада  өрт шықты. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына жылдам жеткен өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметі тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып дер кезінде алғашқы көмек көрсетті.

Мына 5 қабатты жатақханада 130-ға жуық адам тұрады. 1 қабатта тұратын Николай Васильевичтің пәтерінен түтін шығып жатқанын көрген көршілер бірден өрт сөндірушілерге хабарласқан. Бұл кезде үй иесі жұмыста болыпты. Көршілерінен хабарды ести сала жеткен үй иесі, тілсіз жау электр сымдарының ескіруінен болуы мүмкін дейді.

НИКОЛАЙ ГОРОХОВСКИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Шамамен өрт бір сағат бұрын шыққан секілді. Үйден шығып бара жатқанымда бәрі дұрыс болған еді. Көршілерім телефон соғып үйін өртеніп жатыр дегенде бәрін тастап бірден осында келдім.

Тұрғындар сағат 11:00 кезінде үйде жарық өшіп, түтіннің иісін сезе бастадық  дейді. 112 шұғыл нөміріне қоңырау шалып, құтқарушыларға хабарлап, өздері қауіпсіз жерге шыққан.  

- Өрттің қалай шыққанын білмей. Дүкенге шығайын деп тұрғам.Бірден түтінің иісін сездім. Жастарға қарап көріңдер деп айттым.

- Өзім электрик болғасын көршім жүгіріп келіп жарықтың не себепті жоқ екенін сұрады. Мен қарап көрейін дедім. Сосын көршінің үйінен түтін шығып жатқанын байқадым. Бірден құтқарушыларды шақырдық.

- Өрт шыққан кезде үйімізде бала-шағамызбен шай ішіп отырған едік. Бір кезде көршім жүгіріп келіп үйімізден өрт шықты деп айтты. Қолымызға құжаттарымыз бен балаларымызды алып далаға шықтық.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5-10  минуттың ішінде жеткен. Келісімен жоғарғы қабаттан баспалдақпен қарт адамдар мен балаларды, жүкті әйелдерді шығарған.

НҰРЛАН АТЫҒАЕВ, ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Сағат 11:04-те Назарбаев 225 мекенжайы бойынша орналасқан жатақхананың бірінші қабатындағы пәтерден өрт шыққаны жайлы хабар түсті. Бұл жерге бірден 6 техника мен 3 автобаспалдақ жөнелтілді. Қатты түтіннің салдарынан өртті сөндіру қиын болды.  Жалпы 121 адам, оның ішінде 9 бала қауіпсіз жерге шығарылды.

Өрт электр сымдарының тұйықталуынан болуы мүмкін.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ШАЛДЫҚҚАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ 25,3 ПРОЦЕНТКЕ ТӨМЕНДЕДІ
17:18, 30 қыркүйек 2020
ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ШАЛДЫҚҚАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ 25,3 ПРОЦЕНТКЕ ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...
ТАЙЫНША  АУДАНЫНДА «АШЫҚ ӘКІМДІК» ФРОНТ-КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
17:15, 30 қыркүйек 2020
ТАЙЫНША АУДАНЫНДА «АШЫҚ ӘКІМДІК» ФРОНТ-КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ЖЫЛҚЫНЫ СОҒЫП КЕТТІ
13:05, 30 қыркүйек 2020
КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ЖЫЛҚЫНЫ СОҒЫП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...