ШҰҒЫЛ! КӨКШЕТАУДЫҢ КӨРКЕЙГЕНІ – ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Толығырақ

ЖАЗДЫҢ ЖЫЛЫ КҮНДЕРІ ЖАЛҒАСУДА

20:33, 1 тамыз 2019

Тамыз айында  Қызылжар өңірінде  орташа ауа температурасы 17-18 градус болмақ. Алайда бұл жаздың жайма шуақ күндерінің  аяқталғаны емес.

Қазгидромет орталығы  мамандарының болжамынша, тамыз айының бірінші және екінші онкүндіктерінде 36 градусқа дейін ыстық күтілуде.  Тек екінші онкүндіктің соңында түнде 6-11 градусқа төмендеуі мүмкін.  Ал жауын-шашын әдеттегіден көп мөлшерде жауады.  Тамыз айының ортасында кей жерлерде найзағай, бұршақ болуы да ықтимал. Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15/20  метрге дейін  күшейеді деп күтілуде. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, 1971 жылы Петропавлда дәл осы тамыз айында  күн күрт суытқан екен, ал 1952 жылы керісінше плюс 38 градусқа дейін  ыстық болыпты.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде 11-16 градус жылыға, күндіз 21-26, кей жерлерде 31 градус жылыға дейін жоғарылайды. Одан кейін түнде 4-9 градус жылыға, күндіз 13-18, кей жерлерде 23 градус.Жауын-шашынның айлық мөлшері  шамасында, мөлшерден көп болады. 40-53 мм. Үшінші онкүндіктің басында кей жерлерде тұман болуы ықтимал.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ С.ДҮЙСЕНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
20:55, 14 қараша 2019
СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ С.ДҮЙСЕНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...