ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС 10 МАУСЫМНАН БАСТАЛАДЫ

17:56, 20 мамыр 2019

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов балалардың жазғы демалысын көңілді өткізу үшін барлық жағдайды жасап, қауіпсіздік шараларын да ұмытпау керектігін ескертті. Облыстық білім басқармасы басшысының сөзінше биыл жазғы сауықтыру лагерлеріне оқушылардың бәрі толықтай барады және азқамтылған, көпбалалы отбасы балаларының демалысына мемлекеттен арнайы қаражат бөлінеді.

Өңірдің бас мұғалімі Гүлмира Кәрімованың сөзінше биыл облыс бойынша оқушылардың 100 пайызы, атап айтқанда 67 мың оқушы демалыс лагеріне барады. Оның 10 мыңы көпбалалы және азқамтылған отбасынан шыққан балалар. Балалардың демалысына 70 млн жуық теңге бөлініп отыр.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- 2019 жылы 14 балаларды сауықтыру лагері жұмыс істейді. Оның бесеуі жеке кәсіпкерлердің қолында. Жаз бойы он мың бала қала сыртындағы демалыс орындарына барады. Лагерлерге жолдама құны 15 мың теңгеден бастап 30 мың теңгеге дейін. Сіздің тапсырмаңыз бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 191 балаға кәсіпкерлер демеушілік жасап, 16 млн. 764 мың тиеңгеге жолдама алып берді.

2019 жылғы жазғы демалыс лагерлері 10-шы маусымнан бастап жұмыс істей бастайды. Алайда Ақжар, Уәлиханов және Айыртау аудандарында бірде-бір демалыс лагері жоқ болып шықты. Ал Тимирязев ауданындағы демалыс оны су тасқынынан кейін қайта жөнделмеген.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Демалыс-сауықтыру лагерлеріндегі өрт өауіпсіздігінің алдын алу шаралары, жалпы қауіпсіздік, құтқарушылар, құрылғылар бәрінің дайындығын қайта тексеріп шығу керек. Бұл мәселені білім басқармасы мен аудан әкімдері қадағаласын. Сондай-ақ, лагерлерді кәсіпкерлердің қолдарына беріңіздер, бұл ол үшін табыс көзі болған соң жақсы жағдай жасайды. Ата-аналардың қызығушылығы артады.

Сонымен қатар, аймақ басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауылдарда ашылатын мұражайларға балаларды тартып, солтүстіктің сұлулығын көрсету керектігін айтты. Өйткені өз балаларымыз ең бірінші өзге елдің әсемдігін емес, өз жеріміздің көркемдігін сезінуі тиіс.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар