ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ

20:42, 15 тамыз 2019

Петропавлдық тәртіп сақшылары тәулігіне жүзге тарта арыз-шағым қабылдайды. «102» нөміріне шалынған қоңыраудан соң қандай шаралар қабылданады? Тәртіп сақшыларының күнделікті жұмысы қалай өтеді? Бұл туралы келесі бейнематериалда толығырақ.

Жедел басқару орталығын қалалық полицияның жүрегі деуге болады. Тәуліктік кезекшілікке жеті қызметкерден тұратын ауысым кіріседі. Адамдар түрлі шағымдар, сұрақтар бойынша жүгініп, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы хабарлайды. 

- Здравствуйте! Что у вас случилось? Скажите адрес, что похитили? Сотовый номер скажите, пожалуйста.

Оқиға орнына алғашқы болып, автопатруль мен учаскелік полиция инспекторлары жіберіледі. Олардың басты міндеті – тәртіптің және айғақтардың сақталуын қамтамасыз ету. Кейін кезекші жедел-тергеу тобы келеді. Олардың барлығының жұмысын күштер мен құралдарды басқару тобының инспекторы үйлестіреді.     

- Алло, это Центр оперативного управления. По адресу Букетова 30 неизвестные похитили товарно-материальные ценности. Необходимо опергруппу на выезд...

Топ құрамына тергеуші, анықтаушы, жедел уәкіл, криминалист пен кинолог кіреді. Оқиға орнында заттай айғақтар жиналып, куәгерлерді сұрастыру жұмыстары жүргізіледі. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, дер кезінде шалынған қоңырау қылмысты «ізін суытпай» ашуға септеседі. Жыл басынан Жедел басқару орталығына азаматтардан тоғыз жарым мыңнан астам хабарлама келіп түскен. Оның ішіндегі мың жарымнан астамы жасалған және жасалғалы тұрған қылмыстарға қатысты қоңыраулар. Қоңыраулардың басым бөлігі түн ішіндегі айқай-шу, масаң күйдегі жанжалдар, ұсақ бұзақылық сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтар.

АЙГҮЛ МЫРЗАХМЕТОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ «102» ПУЛЬТІНІҢ ОПЕРАТОРЫ: 

- Жедел басқару орталығына күніне жүзден астам шағым түседі. Оның көбісі отбасылық шағымдар. Отбасылық шағымдарға біз учаскелік полиция инспекторларына жібереміз. Олар осы факті бойынша әкімшілік хаттама толтырады.

Дәл осы жерде Жедел басқару орталығының операторлары да кезекшілікке түседі. Олар қаладағы тәртіпті 410 камераның көмегімен қадағалайды. Қажет болса – оқиға болған жердегі жағдайды бақылайды. Күдіктілерге қатысты бағдарлар келіп түссе, олардың қай бағытта кеткені қаралады. Жыл басынан камералармен 8 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Олардың 7 мыңға жуығы – Жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтары. Бейнежазбалар бес жүзден астам қылмыстың ашылуында қолданылған.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар