ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАЛМАҚ

20:40, 15 тамыз 2019

2019 жылдың 16 шілдесінен бастап жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жасауды қарастыратын заң күшіне енді. 13 тамыздан бастап өсімақы соммасын есептеп шығару ережелері бекітілді. Қазіргі уақытта  21мыңнан астам солтүстікқазақстандықтың  салық міндеттемелері бойынша  қарыздары бар  екен.

Берешегі бар өңір тұрғындары жыл соңына дейін  өсімақыларын есептен шығарта алады. Ол үшін борыштың негізгі сомасын өтеулері қажет. Егер жеке тұлға осы жылдың ішінде   негізгі қарызды және өскен пайызын төлеп қойған болса, оны қайтарып алуға құқылы.  Кез-келген қазақстандық салық берешегінің бар-жоғын www.kgd.gov.kz сайтынан тексеріп біле алады.

СҰҢҒАТ ҚОСПАЕВ, СҚО МКД БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Бүгінгі күні 21 мыңнан астам солтүстікқазақстандықтың салық міндеттемелері бойынша берешегі бар.Қарыз соммасы  460 млн. Теңгені құрайды, оның ішінде негізгісі  345 млн теңге болса, ал өсім 115 млн теңге. Бюджетке қарыздардың көбі салығын уақытылы төлемеген автокөлік иелері. Олардың қарызы жалпы сомманың 93пайызын құрап отыр.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
13:13, 15 қазан 2019
БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар