ШҰҒЫЛ! «Сазды сәлем!» сазды-құттықтау көңілашар бағдарламасы эфирге жол тартады Толығырақ

Жемқорлықсыз болашаққа бірге

11:28, 17 наурыз 2017

Биыл Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәскелестікке қабілеттілік»атты халыққа жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске баса назар аударған болатын. Саяси маңызды құжаттың 5-ші басымдығы институционалды өзгерістер мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған. Осы орай республика көлемінде «Есіктен есікке» акциясы бастау алды.

Оның аясында бүгінде облыста антикоррупциялық жедел тобы құрылды. Олардың ұраны: «Жемқорлықсыз болашаққа бірге!». Бұл топ арнайы автобуспен қала және өңір кәсіпорындарын араламақ. Айта кеткен жөн, 2016 жылы облыста 2229 жемқорлық фактісі тіркелді. Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департамент өңірдің коммуналдық қызметтерімен бірлесе халық арасында нөлдік шыдамдылық қағидасын қалыптастыру мақсатында жұмыс атқарып келеді. Биыл наурыз айында олар заңды және жеке тұлғаларға  4 жарым мың  жадынама таратады. Жедел топтың алғашқы аялдаған мекемесі «Қызылжар Су» серіктестігі  болды.  

Аманжол НҰРТАЗИН

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПСИХОЛОГ–ПОЛИГРАФОЛОГТАРДЫҢ СЕМИНАР- КЕҢЕСІ ӨТТІ
18:51, 24 қараша 2017
ПСИХОЛОГ–ПОЛИГРАФОЛОГТАРДЫҢ СЕМИНАР- КЕҢЕСІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ЖОЛДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС ҚАУІПСІЗДІГІ» АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
21:44, 20 қараша 2017
«ЖОЛДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС ҚАУІПСІЗДІГІ» АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА СПОРТТЫҚ БАЛ БИІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
21:46, 20 қараша 2017
ПЕТРОПАВЛДА СПОРТТЫҚ БАЛ БИІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Толығырақ...