ШҰҒЫЛ! ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖОЛ КАРТАСЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ Толығырақ

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

13:01, 11 шілде 2019

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы» бойынша жыл басынан СҚО-да 388 жоба қаржыландырылды. Кәсіпкерлер 2 млрд. 200 млн. теңгеге кәсібін бастаған немесе қолдағы бизнесін әрі қарай дамытқан. Олардың бірқатары тұрғылықты жерлердегі қажетті салаларды қамтып, өзіне де өзгеге де пайдасын тигізіп отыр.

Қызылжар ауданы бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту – 2019 бағдарламасы бойынша 31 жоба қаржыландырылды, тағы алтауы қаралу үстінде. Яғни аудан мемлекеттік бағдарлама бойынша қойылған жоспардың 81 пайызын орындап отыр. Рузана Давтян Бескөл ауылында 25 сәуір күні сұлулық салонын ашып, 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды.

РУЗАНА ДАВТЯН, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

- Кәсіпкерлік бағдарламасы туралы таныстарымнан естідім. Арнайы курсқа қатысып, бизнестің қыр-сырын үйрендім. Осыған дейін екі қабатты ғимарат тұрғызғаныммен, ішіне керекті-құрал-жабдық алуға көмек керек болды. Арнайы бағдарлама арқылы 5 млн. теңге алып, сұлулық салонына қажетті құралдарды сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргіздім.

Ал Виталий 10 жылдан бері жиһаз құрастырумен айналысады. Алғашында жертөледе, сосын жалға алынған шағын бөлмеде жұмыс істеп, қазір жеке цехын ашып отыр. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы кәсібін жаңғыртқан Виталий енді шығарылатын жиһаз түрлерін көбейтпек.

 ВИТАЛИЙ КРИВОРОТЬКО, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

- Кәсіпкер бағдарламасының қолдауымен мен қаржылай көмек алып, жиһаз жинақтауға арналған құрылғылар сатып алдым. Осылайша енді аз уақытта көп жұмыс істей аламын. 6 пайыздық мөлшерлемемен 4 млн. теңге несие алдым. Бұл жас кәсіпкерлерге өте ыңғайлы.

Жыл басынан бері Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 2 млрд. 200 млн. теңгеге 388 жоба қаржыландырылған. Оның 280-і  нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша. Жеңілдетілген несие құны 1 млрд. теңге.

ЕРІК ӘУБӘКІРОВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫНЫҢ БАС НЕСИЕ МЕНЕДЖЕРІ:

- Мал шаруашылығын дамытуға арналған «Игілік» бағдарламасы бойынша 335 млн. теңгенің 133 жобасы қолдау тапты. Ал «Кәсіпкер» бағдарламасымен 115 жоба мақұлданды. Яғни бизнес өкілдері аталмыш бағдарламамен 523 теңге қаражат алды. Сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге де 156 млн. теңге берілді. Мұндай несие қызметін 29 кәсіпкер пайдаланды. Осы жобалар арқылы 286 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды.

Айта кету керек, «Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының» «Еңбек» бағыты бойынша «Игілік», «Бірлік», «Егінжай», «Кәсіпкер», «Ынтымақ», Сыбаға» бағдарламалары жұмыс істейді.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
21:05, 6 қараша 2019
СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
Толығырақ...
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...