ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ЖЕР - ИГІЛІК ҮШІН

20:39, 19 тамыз 2019

Петропавлда  жерді  жалға  алу  құқығын сату  бойынша  осы жылдағы   екінші аукцион өтті.   Сауданың бұл түрі  кәсіпкерлерге де,  қарапайым қала тұрғындарына да  орналасқан жері және бағасы бойынша   жеке өзі үшін немесе  кәсіпкерлік нысаны үшін  ыңғайлы  орын табуға  жақсы мүмкіндік . Әріптесіп толықтырсын.

Алғашқы  аукцион осы  жылдың  сәуірінде өтті. Онда  20 лот ойнатылды.  Бірақ, олардың   кейбіріне  өңір тұрғындары қызығушылық танытпаған. Бұл жолғы саудаға  12 жер телімі шығарылды.   Олег Бендердің аукционға бірінші қатысуы.   Кәсіпкердің айтуынша,  үрдіс ашық түрде өткізіледі, бұл өз кезегінде  бизнесмендерді қызықтырмай қоймайды.       

ОЛЕГ БЕНДЕР,  ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

- Біз  қара және  түрлі  түсті металл қалдықтарын қабылдап,   өткіземіз.   Көбінесе, Ресейге жөнелтеміз. Қазақстан бойынша  Теміртау және Павлодар зауыттарымен жұмыс істейміз . Өзіміздің  орнымыз тар болғандықтан, аукционға қатысуға бел будық.  Әкімдікке өтінім бердік.  Бұл учаскеге  2 өтінім беріліпті,  десек те біз  ұттық.

Аукцион  ағылшындық әдіспен өткізілді, яғни  ең көп сома  ұсынғанның  бағы жанады. Қалалық әкімдік қызметкерлерінің сөзінше,   лоттардың  дені  біраздан бері бірнеше қайта шығарылып отыр, басқалары болса өтінімдердің жоқтығынан  саудадан мүлде түспейді. 

ҚАЙРАТ ЕЛЕУСІЗОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ   ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ  БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

12 лот ойнатылды. Бұл  Жамбыл көшесі, Береке ықшам ауданы,  Ғабит Мүсірепов көшесі,  Солнечный ықшам ауданындағы  жер телімдері. Барлығы да  жақсы жерлер. 

Аукцион өңірлік кәсіпкерлер  палатасында өткізілді. Мұндағылар    бизнес қауымдастық өкілдері   көбінесе   қаланың орталығы  мен қызметтің көп түрі көрсетілетін  ірі  нысандардың маңынан ұсынылған жер телімдеріне қызығушылық танытатынын айтады.   

ЖЕҢІС ҚАЗИЕВ, ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жерге иелік ету құқығын беру бойынша  байқаулар мен аукциондардың  өткізілмеуі   бизнестің дамуына кедергі болатын  өзекті  проблемалардың  бірі.  Учаскелердің  осылайша сатылуы сұранысқа  ие  жер  телімдерін үлестіру үрдісінің ашықтығын қамтамасыз етуге,  түрлі заң бұзушылықтарға жол бермеуге  сеп.

Жалпы, бүгінгі  саудаға қатысқандардың  айтуынша,  мұндай  аукциондардың өткізілуі   өңірдің   бизнес ортасын жақсартып, кәсіпкерліктің дамуына септігін тигізеді.  

Айгерім ҚҰСАЙЫНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
18:09, 20 қыркүйек 2019
ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
Толығырақ...
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...