ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ ЖҰМЫСЫ СЫНҒА АЛЫНДЫ

20:56, 14 қараша 2018

Петропавлда ведомствоаралық кеңесінің отырысында қалалық әкімдіктің  жер қатынастары бөлімінің жұмысы қатты сынға алынды. Комиссия мүшелері мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы нашар, мамандары құзырсыз екендігін айтып, жыл басынан бері орын алған бірқатар олқылықтарын мысалға келтірді.

Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі заңды және жеке тұлғаларға мемлекет қызметінің 11 түрін көрсетеді.  Штатта 10 мемлекеттік қызметкер мен 10  адам келісім бойынша  жұмыс істеп келеді. Алайда  ведомствоаралы комиссияның мүшесі,  Владимир Камаровтың пікірінше, саны көп сапасы жоқ деген мақал осы қызметкерлер туралы айтылған.

ВЛАДИМИР КОМАРОВ,  КОМИССИЯ МҮШЕСІ, КӘСІПКЕР:

- Маған құжат тапсыру керек болды, кірсем бойжеткен қыз, сіздің маманыңыз терезеге қарап қиялдап отыр. Дәліздегі ұзын сонар кезекте оның жұмысы жоқ. Қабылдауын 40 минут бойы күттім. Алайда бұл уақытым зая кетті, құжатымды қабылдамай мені кеңес беруші маманға жіберді. 

Бөлім жетекшісінің орынбасары Қайрат Елеусізовке қойылған сұрақтардың тағы бірі  құжаттардың орындалу мерзіміне қатысты. Заңда көрсетілген 7 күннің орнына азаматтар қаулыларын бір айға дейін күтеді. 

ҚАЙРАТ ЕЛЕУСІЗОВ, ПЕТРОПАВЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз қаулының жобасын құрастырамыз. Кейін бұл құжатты аппаратқа жібереміз. Олар келімісін беріп қол қоғаннын күтеміз. Көп жағдайда бұл ұзақ мерзімді алады.  

Владимир Комаров жер телімдерін беру комиссиясынабөлім мамандары қалай жетекшілік ететіндерін де сұрады. Оның айтуынша мамандар заң талаптарын дұрыс білмегендіктен көптеген бұзушылық орын алады.

ВЛАДИМИР КОМАРОВ,  КОМИССИЯ МҮШЕСІ, КӘСІПКЕР:

- Бөлім мемлекеттік заңды тұлғаға нысанды тұрғызу үшін жер участкесін берген. Жобалық сметалық құжатты әзірлеу үшін бюджеттен 42 млн 800 теңге бөлінді. Алайда бұл жекеменшіктегі жер. Бұл жерде адамдар тұрады.Бұған не дейсіз. 

ҚАЙРАТ ЕЛЕУСІЗОВ, ПЕТРОПАВЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Заңның 44,1 бабына сәйкес бұл қызметті халыққа қызмет көрсету орталығы көрсетеді. Олар қабылдаған өтініш кейін сәулет бөліміне  жібереді. Мұнда құжаттар пакеті әзірленіп, кейін ғана бізқаулы жасаймыз. 

Комиссия алдында есеп берген бөлім жетекшісінің орынбасары бұл күні  қала тұрғының сауалына да  жауап берді.  Еркеш Үсенов  Караванная көшесі мен Украинская қиылысында орналасқан дүңгіршек иесінің кәсібін кеңейтіп, нысанын жаяу жүргіншілер жолының үстіне тұрғызғанына наразы.

ҚАЙРАТ ЕЛЕУСІЗОВ, ПЕТРОПАВЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бөлім мамандары бұл мәселебойынша объектіге барып көрді. Жаяу жүргіншілердің жүріп тұруына еш кедерді жоқ. Енді бұл сөздерінің рас-жоғын анықтау үшін өзім барып көремін.

Отырыс нәтижесінде жұмыс тобының мүшелері бөлімнің жұмысын қайта қарап, тиімді ұйымдастыруларын қадағалайтындарын шешті. Бөлім жетекшілеріне мамандардың біліктілігін арттырып, кезектерді жою қажетілігі ұсынылды.    

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...