ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

ЖЕР КОДЕКСІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

20:36, 8 тамыз 2019

Жыл басында ел заңнамаларына бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын. Халық арасында сол бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Бүгін әділет департаменті БАҚ өкілдерін арнайы шақыртып, брифинг өткізді. Тілшіміз жалғасын.

Мемлекеттік қызметшілердің айтуынша, кодекстегі өзгерістердің барлығы меншік құқығын қорғау шараларын күшейтуге бағытталған. Мысалы, ешбір мемлекеттік орган жер учаскесін иесінен еркінен тыс алып қоя алмайды. Бәрі заң аясында жүзеге асырылады. Жер кодексіндегі бірқатар өзгерістер мен толықтырулар брифинг барысында сөз болды.

ГҮЛНӘР ҚОЖАХМЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жер кодексінің 84, 85, 88, 94-ші баптарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Жаңа редакцияда жер учаскесі иесінен мемлекет мұқтажына күштеп алынуы мүмкін деп жұмсартылып жазылған.

Жер иесіне сол елді-мекеннен ұқсас учаске ұсынылады. Оған 3 айдың ішінде таңдау құқығы беріледі. Келіспесе, сот арқылы тәркіленеді.

КАЛМУМИН НАРЖІГІТ, СҚО ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЗАҢГЕРІ:

- Мемлекеттен жерді сатып алғандарға өтемақы ретінде сол учаскенің құны төленеді. Бағасы нарықтікімен белгіленеді. Кезінде жерді мемлекеттен тегін алғандар да бар. Мұндай жағдайда оларға сол елді мекенде басқа орыннан жер бөлінеді. Сол жерде үй немесе ғимарат тұрса, соған ұқсас жер беріледі.  Кейбір жағдайда баспананың немесе ғимараттың құжаты дұрыс болмай жатады. Оны рЕсімдеуге бір жыл уақыт береді.

Барлық үрдістер заң аясында жүзеге асырылады. Тәуелсіз сарапшылар жердің бағасын анықтайды. Құнын белгілеу кезінде   орны, аумағы, қолданылу мақсаты ескерілмек. Бұл шаруаға мемлекеттік қызметшілер араласпайды.  

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар