ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ

20:36, 11 маусым 2019

Жер қойнауын пайдаланушылар заң бойынша өңірдің әлеуметтік дамуы мен инфроқұрылымын жақсартуға қаражат бөлуі тиіс. Кәсіпкерлер бұл талапты тиісті деңгейде орындап жатыр ма? Бүгін облыс әкімінің орынбасары  Дәурен Жандарбек тиісті басқарма мамандарын жинап, олардың есебін тыңдады.

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қатты пайдалы қазбалардың 30 кен орны тіркелген. Оның 10-нында қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Былтыр өндірілген өнімнің көлемі  28,6 мың  текше метрді құрады. Құйылған инвестиция көлемі 1,7 млрд теңгеге жетті. Бұл жайында индустриалды-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Арман Оразғұлов баяндады.

АРМАН ОРАЗҒҰЛОВ, СҚО ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бюджетке келіп түскен салық мөлшері 316,7 млн теңгені құрады. Облыста  жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды қолдану жөнінде 61 келісімшартқа қол қойылды. Қазбаларды қолданушылар тиісті салықтарын төлеумен қатар, әлеуметтік салаға және өңірдің инфроқұрылыма 23 млн теңге бағыттады. 

Алайда лицензиялық-келісім шарттардың талаптарын орындау жөніндегі мониторингтің нәтижесінде кейбір кәсіпкерлердің  өңірдің әлеуметтік дамуына үлес қоспайтындықтары анықталды. Бұзушылықты жою барысында бюджетке қосымша 2 млн теңге құйылды. Пайдалы қазбаларды зерттеуші компаниялардың қатары артып келеді.

ДӘУРЕН ЖАНДАРБЕК, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Биыл Тайынша мен Аққайын аудандарының бірнеше компаниясы  жер қойнауында алтынның кен орындарын  зерттеуге кіріседі.   Бұл салада бірнеше жыл бойы істеп келе жатқан  «Әулие Голд мани» серіктестігі де қосымша зерттеуге ниет білдіріп отыр. Олар өткен жылы кәсіпорындарын күрделі жаңартудан өткізген болатын. 

Айыртау ауданының Сырымбет ауылында орналасқан кен орны  Орталық Азиядағы қалайы кен орынның ең ірісі. Қазақстандағы қалайының 65 пайызы осы жерде. Жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды пайдаланушыларға елімізде елдімекендерді әлеуметтік, инфроқұрылымдық дамыту сияқты қатаң талаптар қойылған. Жиын барысында қаржы басқармасы жетекшісінің орынбасары Ләтипа Түлепенова облыс аудандарына түскен қаражаттың мөлшері жайында есеп беріп,  өткен жылы бұл сомма 53 млн 600  мың теңгеден асқанын айтты.   

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
18:09, 20 қыркүйек 2019
ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
Толығырақ...
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...