ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

ЖӘРДЕМАҚЫ ӨСТІ

21:27, 2 шілде 2019

Шілденің бірінен бастап мүгедек баланы күтуге берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 30 % жоғарылады. Сонымен қатар, заңды тұлғаларды тіркеу бойынша функцияларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы іске асырады. Өзге де жаңашылдықтар туралы келесі бейнематериалда.

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, жәрдемақы мөлшері 30 % жоғарылады. Өзгерістер енгізілмей тұрып жәрдемақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 құраса, еңді ең төмеңгі күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшерін құрайды.

ГҮЛБАҚЫТ МАНАБАЕВА, ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұған дейін яғни 1 шілдеге дейін жәрдемақының мөлшері 31183 теңге болса, енді 41578 теңге болатын болады. Департамент және мемлекеттік корпорация тарапынан қажетті жұмыстардың барлығы жасалды. Бүгінгі күні облыс бойынша 2510 отбасы жәрдемақыны алып отыр, оның ішінде 2014 отбасы мүгедек баланы тәрбиелейді, 496 отбасы бала кезінен 1 топтағы мүгедекті күтеді.

Сонымен қатар заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және коммерциялық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойынша функцичлар ҚР Әділет министрлігінің қарамағынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілді.

ЖӘНІБЕК ҚАМБАРОВ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ» КЕАҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Шағын кәсіпкерлік субьектісіне жататын заңды тұлғаларды алғашқы тіркеу тіркеуші органның қатысуынсыз egov.kz электрондық үкімет порталында электрондық форматта жүзеге асырылады. Тіркеу іс-әрекетінің қалған түрлері, атап айтқанда акционерлік қоғамдарды, мемлекеттік кәсіпорындарды, барлық коммерциялық ұйымдарды мемлекеттік қайта тіркеу, тарату, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу қызметтері құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі туралы құқықтық сараптама жүргізуді талап етеді.

Осы орайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының заңгерлік білімі бар мамандары арнайы оқытудан өтті.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...