ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ЖЕРГІЛІКТІ АЙМАҚТАРДА ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТЫҢ ДАМУЫ МЕН ШЕКТЕЛУІ

17:53, 8 тамыз 2019

Қазақстан халқының 53 пайызын әйелдер қауымы құрайды. Алайда, статистикалық мәліметтер бойынша саясатта нәзік жандардың белсенділігі төмен екен. Мәселен, әйелдердің саяси мәселелерге қатысуы жөнінен Қазақстан әлем бойынша 95-ші орында. Еліміздің әр облысында гендерлік саясатты дамыту мақсатында  «БҰҰ  -Әйелдер»  ұйымының  мүшелері «Жергілікті аймақтарда гендерлік саясаттың дамуы  мен шектелуі»  тақырыбында тәжірибелік- конференция ұйымдастыруда. Осындай жиын біздің өңірде де өткізілді.

«Әйелдер» БҰҰ құрылғаннан бері гендерлік теңдік және әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында жұмыс істеп келеді. Осы мақсатта, қоғамда орын алып жатқан түрлі олқылықтарды, ер азаматтар тарапынан нәзік жандарға көрсетіліп жатқан қысымдарды жою жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Жиын барысында әйелдердің құқығын қорғап, еліміздің жақында батыс өңірінде және күні кеше Көкшетау қаласында орын алған зорлық-зомбылық сияқты фактілерге жол бермеу мәселелері де кеңінен талқыланды.

РАУШАН СӘРСЕМБАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ МЕН ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯ САЯСАТЫ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ, ҚР ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Әйелдер құқығын қорғау ең басты мәселе. Мысалы, еліміздің елді мекендерінде тұратын әйелдердің 74 пайызы зорлық-зомбылыққа шыдап, көнеді екен. Бұл дұрыс емес. Өйткені әрбір қыз-келіншек  саясатқа араласып, өз құқығын қорғай алады. Ол үшін лауазымды орындарға, әкімшілік құрамға әйел адамдарды қабылдау керек.

Ұйымның басты мақсаты  еліміздегі білім, денсаулық, саясат пен мемлекеттік қызметтерге әйелдерді араластыру. Қазақстанда  экономика саласының 44пайызы, сенаттың  9,  мәжілістің  27, мемлекеттік қызметтің  әкімшілік құрамының 53 пайызын әйелдер қауымы  құрайды.

РУСЛАН ӘЛІШЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Ең алдымен біз өңірімізде  жаңа салалардың ,жаңа идеялардың пайда болуын, экономикамыздың өсуін  қамтамасыз етуіміз керек. Ал жаңашылдықты әйелдер қауымы ұсынса біз әрқашан облыс әкімімен бірге қолдау көрсетуге дайынбыз. Өйткені шындығында жаңа адамдар, жаңа қызметкерлер бізге керек. Осындай жиындар үлкен үлесін тигізеді деп те айта аламын.  Әр қаланың белсенділері тәжірибе алмасып, өздеріне жаңа мәліметтер ала алады.

Ал зерттеу нәтижелері бойынша солтүстік өңірде басшылық лауазымда тек ер азаматтар екен. Мемлекеттік қызметте 64, құқық қорғау органдарында 15, өңір депуттатарының 30 пайызын  қыз-келіншектер  құрайды.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
18:00, 13 желтоқсан 2019
МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:56, 13 желтоқсан 2019
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...