ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ЖЕРЛЕС СУРЕТШІЛЕРДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

17:54, 13 маусым 2018

Елордада маусымның 4-і мен 8-і аралығында «Ұлы даланың» әсемдігі тақырыбында 2-ші республикалық шығармашылық байқау-пленэрі өтті. Оған еліміздің түпкір-түпкірінен іріктеу кезеңінде жүзден жүйрік мыңнан тұлпар атанған 38 қатысушы сурет салудан өзара мықтыны анықтады. Аталмышөнер додасына Солтүстік Қазақстан облысы атынан  «Юнеско» көркемөнер лицейінің  3 оқушысы қатысып, өз бақтарын сарапқа салды. Кімнің бағы жанды? Тілшіміз тарқатады.

Мадина Қайратова, Ангелина Куренкова мен Никита Колбаса іріктеу кезеңінде жеңіске жетіп, республикалық кезеңге жолдама ұтып алған жандар. Олар елорда төрінде табиғат аясында табиғат көрінісін бейнелепті. Сонымен қатар, конкурс барысында жас өнерпаздар үшін, шеберлік сағаттар мен қатар, экскурсиялар ұйымдастарылды. Жетекшілері Елена Сафимова балалардың жетістіктеріне дән риза екенін білдірді.

ЕЛЕНА САФИНОВА, «ЮНЕСКО» КӨРКЕМӨНЕР ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

– 4 күн бойы балалар атақты суретшілермен кездесіп, олардан тәлім алды. Өзінің шығармашылықтарын шыңдай түсті. Балалар басқа елдерден келген  жеткіншектермен  танысып, өз мүмкіндіктерін сарапқа салып көрді. Мен үшін бұл үлкен бақыт.

Аталмыш байқаудың қорытындысы бойынша Мадина Қайратова 3-орынға қол жеткізді. Ал, Никита мен Ангелина арнайы сертификатқа ие болды. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды. 

МАДИНА ҚАЙРАТОВА, «ЮНЕСКО» КӨРКЕМӨНЕР ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

- Мен «Юнеско» көркемөнер лицейінде 2 жыл оқып келемін. Бұл конкурста жеңемін деп ойлаған жоқпын. Өйткені бұл додада тек мықтылар бас қосты. 3-ші орынға маған ұялы телефон сыйға тартты. Өте қуаныштымын.

АНГЕЛИНА КУРЕНКОВА, «ЮНЕСКО» КӨРКЕМӨНЕР ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

- Республикалық байқау қатты ұнады. Маған бұл конкурста өнер көрсету үлкен мәртебе. Осындай үлкен сайыстарға бірінші мәрте қатысып отырған жоқпын бұған дейін Владимир қаласына барып, 3-ші орынға қол жеткізгенім бар.

Аталмыш конкурстарға қатысу шығармашылықты одан әрі қарай дамытпақ.  Мадина, Никита, Ангелина үшін жаз бойы демалыс жоқ. Олар Астана, Алматы мен Суздаль қалаларында өтетін сайыстарға дайындықтарын бастап кетті.

НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ, ТІЛШІ:

-  Бұл таңғажайып туындыны салып шығару үшін шамамен 2-айдай уақыт жұмсалады екен. Алайда оны жан-тәнімен аса жауапкершілікпен салсаң 2-күн кетеді. Мен тұрам, олар отырады. Жас суретшілерге алдағы уақытта сәттілік тілейміз.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, сурет өнері

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:40, 19 маусым 2018
ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАС КЕЗІНЕН ДӘРІГЕР БОЛУДЫ АРМАНДАҒАН ЖАН
14:35, 14 маусым 2018
ЖАС КЕЗІНЕН ДӘРІГЕР БОЛУДЫ АРМАНДАҒАН ЖАН
Толығырақ...
АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ
18:03, 15 маусым 2018
АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ
Толығырақ...