ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ЖІГЕРІ ЖАСЫМАҒАН СӘЛІМХАН

17:54, 6 қараша 2019

Петропавлдық Сәлімхан Сабитов «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобасы» сайысының республикалық кезеңінен жүлдемен оралды. Жігері жасымаған жерлесіміз  бүгінгі күні өз замандастарына үлгі. Өткен жылы ол мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Тең жол» автомектебін ашқан болатын. Бүгінгі күні автомектептің 4 түлегі жүргізуші куәлігіне ие. Осы жобасы арқылы Сәлімхан 228 үміткердің арасынан 3 орынға ие болды.

Сәлімхан Сәбитов 2018 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен республикада ең алғаш болып мүгедек  жандарға арналаған автомектеп ашты. Осы мектебі арқылы  «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының облыстық кезеңінде жеңіске жетіп, енді републикалық «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобасы» сайысында да 3 орын алып отыр.  

СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, ЖОБА АВТОРЫ:

- Республикалық кезеңге 228 жоба ұсынылған болатын. Қазақстанның еңбек қорғау министрлігімен бұл сайыс жақсы және шын өтті деп санаймын. Жобалардың көбісі мықты болды. Себебі, мемлекетіміздің өзекті мәселелері, экология, инклюзия сияқты Еуропада жүзеге асырылып жатқан жобалар, енді Қазақстанда да іске асырылып жатыр екен.

Сайыс қараша айының 1-2 сі күндері еліміздің бас қаласында өтті.  Ұсынылған жобалардың тек 57-сі ғана үздік деп аталып, алғыс хаттармен марапатталған. Ал СҚО-дан 3 әлеуметтік жоба ұсынылса, ішінен тек Сәлімханға 500 мың теңге көлемінде сыйақы мен жүлделі орын бұйырды. Жерлесіміздің «Тең жол» автомектебі жобасы енді республика көлемінде жүзеге асырылмақ.

СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, ЖОБА АВТОРЫ:

- Осы байқауда мен басқа қалалардан келген қатысушылармен танысып, сөйлескен болатынмын. Мен оларға егер менің жобама қызықсаңыздар мен сіздерге франшиза ретінде сатпаймын, керісінше жай ғана сыйға бере саламын дедім. Енді Қостанай және Жаңаөзен қалаларында жазға қарай филилы ашылады деп жоспарлап отырмыз.

«Тең жол» автомектебінің бүгінгі күні 4 түлегі жүргізуші куәлігін алды. Солардың бірі- Екатерина Зелецкая. Маусым айында көптен күткен құжатын қолына алған бойжеткен, жақында жаңа автокөлік сатып алды.

ЕКАТЕРИНА ЗЕЛЕЦКАЯ, «ТЕҢ ЖОЛ» АВТОМЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕГІ:

- Ең алғаш көлік тізгініне отырғанда өте қатты қорықтым. Ішімде үрей сезімі болды. Бірақ бала күнгі арманым барлық сенімсіздікті жеңіп шықты. Өзім Бензострой ықшам ауданында тұрамын. Бастапқыда сол маңайдан шықпайтынмын. Енді қаланың ортасында да жүргізе беремін.

Сәлімхан Сәбитов мектепке қажет көлікті Челябі қаласынан арнайы жарақтандырып әкелді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болу үшін, оқу машинасында жылдамдық пен тежегіш рөлдің жанына орнатылған.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
18:00, 13 желтоқсан 2019
МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:56, 13 желтоқсан 2019
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...