ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЖОЛ САПАСЫ НАЗАРДА

20:34, 16 шілде 2019

Елімізде  биылғы жылдың  19 наурызынан бастап  жол активтері сапасының ұлттық орталығы құрылды. Орталықтың міндеті, автомобиль жолдарын салу , оларды жаңарту мен қайта  жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі  жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу. Республика бойынша қазір осы орталықтың   17 филиалы жұмыс істеуде.  

Мына көлік - жол зертханасы деп аталады. Машина толығымен сараптама жасауға арнайы жаңа технологиямен жабдықталған. Мәселен жолдың бір бөлігін шаршы түрінде кесіп, сынауға қажетті үлгі алынады.   Және мамандар арнайы сызық арқылы жолдың еңісін де тексереді. Бұл жерде талапқа сай 20 промилле көрсетіп тұр.

- Біз қазыр асфальтбетонды жолдың үлгісін алдық. Енді оны сараптама орталығына алып барып, дұрыс жасалған ба, және талапқа сай жол төселген ба соны анықтайтын боламыз. Үлгінің жуандығы 5 см. Жеткізуші «К-Дор строй» АҚ.

Сараптама жасауға  7000 м2 жерден 3 орыннан сынама алынады. Үлгілерді арнайы нөмірлеу арқылы, зертхана орталығына жеткізеді.Өңірдегі  «к- Дор строй» АҚ  2 учаске бойынша жолдардың сапасын тексереді. 1-шісіне  Петропавл қаласынан Мамлют ауданына дейінгі қашықтық жатса,  ал екінші учаскеге Мамлюттан шекараға дейінгі асфальт бетонды  жолдар кіреді. Зертханада жолдардың суыққа төзімділігі, оның қалыңдыңғы мен асфальт төсеудегі қиыршық тас, құмдардың сапасы анықталады. Асфальт бетонды жолдың қалыңдығы  шарт бойынша  жерден 28 см жоғары болу керек.

ТАТЬЯНА ВОИСТИНОВА, « K-DOR STROY» АҚ ЗЕРТХАНА БАСШЫСЫ:

- Бізге жолдардың үлгісін әкеледі. Сол арқылы біз  жаңартылған жолдардың сапасын анықтаймыз. Әзірше ешқандай қателіктер табылған жоқ. Асфальт бетонды жолдарға басқаларына қарағанда ерекше талаптар қойылады. Мәселен олардың ұстақтылығы 100нан аспау керек, және суыққа төзімділігі де жоғары болу керек. Ол ең бастысы. Жолдарға сараптама жиі жүргізіліп отырады.  Кейбір жерлерді тіпті  апта сайын тексереміз.

Елімізде осы жылы  құрылған  жол активтері сапасының ұлттық орталығы дәл осы жолдың сапаларын анықтаумен, үлгілерді зертханаға жеткізумен айналысады. Егер бұрын республикалық маңызы бар жолдар басты назарда болса, аталмыш орталық жаңа технологиялар арқылы облыстық, аудандық тас жолдардың да сапасын  қатаң түрде тексерумен айналысады.

МАРАТ ДАРБАЕВ, «ЖОЛ АКТИВТЕРІ САПАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

Біздің орталық СҚО-мен  енді-енді келісім жасап, толықтай жұмысқа кірісіп жатыр. Қала әкімшілігімен келісім шартқа отырамыз. Біз жолдардың сапасын тексеру арқылы, олардың материалдарына да көңіл бөлеміз.  Егер сараптама нәтижесі бойынша қандайда бір ақаулықтар анықталса,  немесе талаптарға сай келмесе оны жасаған мердігер компанияға қайта тапсырып, қайта істетеміз. Сол арқылы жолдардың сапасы көп уақыт сақталғанын қадағалаймыз.

Айта кету керек, жол зертханасы көлігінде сонымен қатар арнайы бейнебақылау камералары арқылы жолдардың енінің, еңістігінің талаптарға сай келетіндігі  де тексеріледі. Және тексеру жұмыстары айына 2-3 рет жүргізіліп отырады екен.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...