ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 18 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

20:49, 4 маусым 2020

Бүгін Петропавлға  Елордадан жолаушылар поезы келді. Бұл маусымның 2-нен бері облыс орталығына келген 3-ші поезд. Темір жол вокзалының аумағында тұрғындардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалып, санитарлық талаптар қатаң түрде сақталуда.

МАЙГҮЛ СЕЙІЛБЕК, ТІЛШІ:

- Маусымның 1-нен елде жолаушылар поезды жүре бастады. Мәселен, темір жол вокзалына келген кезде сіздің дене қызуыңызды тексереді. Сонымен қатар, бұл жерге келушілерді шығарып салатын және қарсы алатын адамдарға кіруге рұқсат етілмеген. Сіз тек кассаға билет сатып алуға немесе тапсыруға келе аласыз.

2 айдан кейін темір жол вокзалы өз есігін қайта ашты. Алайда, жолаушылар мен қызметкерлер белгілі санитарлық талаптарды сақтауы қажет. Мәселен қызметкерлер жұмысқа кіріспес бұрын, дене қызуын өлшетіп, журналға тіркеледі. Қазіргі таңда бұл жерде 1 ғана касса жұмыс істейді. Билет алу үшін міндетті түрде маска кию қажет, ара қашықтық та қатаң сақталады.

ЕЛЕНА БРИЛЬ, ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Поезд перронға тоқтаған кезде тәртіп сақшылары мен теміржол вокзалының қызметкерлері белгіленген алгоритіммен жұмыс істейді. Яғни, алаңда келушілерден басқа бөгде адамдардың болмауын қадағалайды. Алғашқы поезд маусымның 2-і Нұр-Сұлтан қаласынан келді. Жолаушылар өте көп болды. Соған қарамастан, біз өз тарапымыздан тәртіптің барынша сақталуын қадағаладық.

Ал, мына пойызбен 250-ге жуық жолаушы Елордадан оралды. Олар бұл күнді асыға күткен,сол себепті қуаныштарыңда шек жоқ.

- Мына жерде үйіміз бар, Астанада да бар еді. Бірақ осы жаққа 3 айдан бері жете алмай жүр едік. Енді 1-нен бастап рұқсат разрешение берді. Соған келе жатырмыз қуанып.

- Біз Нұр-Сұлтан қаласынан келдік. Поездардың жұмысы жаңданғанына қатты қуаныштымыз. Поездың ішінде барлығымыз маскімен отырдық. Сауалнама толтырдық.

- Ақпан айынан осы жақтағы ата-анамды көрмеген едім. Қатты сағынып қалдық. Поездар жүре бастағанына қуаныштымыз.

Маусымның 3-і «Қызылорда-Петропавл» поезы да келіп жетті. Карантин кезінде  жолсеріктерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Олар дезинфекциялау құралдарының көмегімен тәулігіне бірнеше рет тазалау жұмыстарын жүргізіп, әрбір жолаушымен сауалнама толтырады.

КҮЛЗИРА МАТАЕВА, ЖОЛСЕРІК:

- Зарарсыздандыру жұмысын вагон ішінде тәулігіне 2 рет жасаймыз. Сауалнама толтырған кезде жолаушылар қайдан, кімге бара жатқанын толтырып,  жағдайын түсіндіріп жазады. Туыстыраның нөмірлері мен мекен-жайын жазады.

Маусымның 5-і Алматы қаласынан жолаушылар пойызы келеді. Ал, 11-нен бастап «Алматы-Петропавл» бағыты бойынша Тальго поезы іске қосылады.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...