ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ

18:19, 19 тамыз 2019

Облыс аумағында өткен «Жолда қабылдау» акциясы өз мәресіне жетті. Тәртіп сақшылары екі күн бойы Петропавлдағы аулалар мен базарлардың маңында, елді мекендерде азаматтарды қабылдады. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Акцияның алғашқы күні Жамбыл қысқа көшесі, 1 «А» мекенжайындағы көп қабатты үйлердің ауласындаҒЫ мобильді қабылдауға 64 жастағы ер адам келіп, көкейінде жүрген мәселесі бойынша кеңес сұрады. Бірнеше ай бұрын интернет арқылы көлігіне қосалқы бөлшекке тапсырыс берген. Ақшасын алдын ала төлеген ол әлі күнге тауарды алмаған. «Жолда қабылдауды» өткізіп жатқан полиция қызметкерлері оған арыз жазуға кеңес берді. Енді бұл іспен жедел уәкілдер мен тергеушілер айналысады. Ал «Алтын Арман» базарындағы пунктке Петропавл қаласының 58 жастағы тұрғыны жүгінді. Ол учаскелік полиция инспекторына алғыс білдіре келіпті. Наурыз айында Қызылжар ауданындағы Якорь селосының маңында оның көлігінің дөңгелегі жарылып, тоқтауға мәжбүр болған. Оның айтуынша, жүргізушілер тоқтамай өте берген.

ТӨЛЕГЕН ОМАРОВ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- «Полиция көлігі тоқтап, ішінен жас жігіт шықты. Инспектор «Сәлеметсіз бе! Көлігіңізге не болды?» деп сұрады да, қолымдағы кілтті алып, дөңгелекті бұрай жөнелді. Оның адамгершілік танытып, көмек көрсеткеніне риза болдым. Есімің қалай деп едім, Имран деп жауап қатты. Есіме сақтап қалдым. Ол өзін Соколовка ауылының учаскелік инспекторы екенін айтты. Осыған дейін Бескөл ауылына барып, басшылығына алғыс айтуға қолым тимеді. Осындай қызметкерлер көп болса екен.

Расында да Қызылжар ауданының Соколовка селосында учаскелік полиция инспекторы болып Имран Магамедов қызмет атқарады. Оның атына айтылған алғысын Жергілікті полиция қызметі басшылығы назарға алды. Екі күндік акцияның қорытындысы бойынша облыс полицейлеріне 450 астам адам жүгінді. Олардың барлығына жауап берілді. Мәселен, қала тұрғыны Юлия Ацина полиция қызметкерлеріне туыстарын құжаттау мәселесімен жүгіне келіпті. Шекара асып, қоныс аударған оларға Қазақстанда тұрғандарын растайтын құжат қажет болған.

ЕРМЕК НҰСҰРБАЕВ, СҚО ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫҚЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: 

- Екі сағат ішінде тексеру жұмыстарын жүргіздік. Картотекадан растайтын мәліметтер іздеп таптық, 1996 жылы шекара асты деген мәлімет болды. Бұдан соң азаматшаға хабарласып, барлығын түсіндіріп, жауап бердім. Қазір жазбаша растау алуы үшін құжаттарды дайындап жатырмыз. Берілген жауапқа ол келісіп, ризашылығын білдірді.

Келіп түскен сұрақтардың басым бөлігі жол қозғалысы, көші-қон қызметі және көліктерді тіркеу бойынша. Олардың бір бөлігі CALL-орталыққа, WhatsApp қосымшасына және Instagram мен Facebook әлеуметтік желілеріндегі «тікелей эфирлерге» келіп түсті. Жаңа форматтағы «Жолда қабылдау» акциясы ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасы бойынша биыл сәуір айынан бастап өткізіліп келеді. Келесі акция қыркүйек айына жоспарланған.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
18:09, 20 қыркүйек 2019
ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
Толығырақ...
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...