ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ

17:55, 18 қазан 2019

«Жолда қабылдау» республикалық акциясы облыста жалғасын тапты. Осымен 7-ші рет ұйымдастырылып отырған науқан «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау алаңында өтіп, қала тұрғындары өз мәселелерін ортаға салды. Шараға келе алмағандар әлеуметтік желі арқылы облыстық ПД мамандарына сауал жолдады. Сонымен бұқараны қандай мәселелер алаңдатады, келіп түскен өтініш пен сауалдар қаралып, шешімі табылды ма? Әріптесім тарқатады.

Қабылдауға келгендердің бірі Владимир Зырянов. Жұмысшы кентінің тұрғыны, №42 орта мектептің жанына жаяу жүргіншілер жолы салынса екен дейді.

ВЛАДИМИР ЗЫРЯНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- №42 мектеп аумағындағы жол жөнделген соң, көлік қозғалысы артты. Ал жаяу жүргіншілер жолағы жоқ. Оқу ордасының маңайында екі бірдей дүкен орналасқан. Мектеп оқушылары, тұрғындар көшені қалай болса солай кесіп өтеді. Бұл өте қауіпті. Сондықтан осы мәселеге қатысты тиісті шешім қабылданса екен деп келіп отырмын.

Ал Назымбек Уәзіров болса досының бұйымтайын жеткізе келген. 

НАЗЫМБЕК УӘЗІРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Досым көлік жүргізіп келе жатып жүргіншіге арнайы белгіленген жерде жол бермеген. Сондықтан оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Егер жеті күннің ішінде айыппұл төленсе, жеңілдік болады дегенді естіген едік. Осы мәселенің анық-қанығын білу үшін келдім. Тиісті жауапты алдым, шынымен де бір аптаның ішінде айыппұлды төлесек жеңілдік қарастырылады екен. 

Облыстық ПД мамандарының айтуынша тұрғындардан келіп түсетін өтініштер мен сұрақтардың басым бөлігі осы жол көлік оқиғалары, айыппұлдар, көші қон мәселелеріне қатысты. Айта кеткен жөн бүгінгі «Жолда қабылдау» акциясы бүкіл республика бойынша өтуде.

ДУМАН ТАЕВ, СҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бүгінгі қабылдау облыс бойынша өтіп жатыр, аудандарда болып жатыр. Осыны қабылдап жатқан ПД, басқарма басшылары. Оның ішінде әкімшілік, жергілікті полиция басшылары, көші қон полициясының басшылары, аудандық ішкі істер бөлімінің басшылары бар. Себебі халықтың сұрақтары бүгінгі уақытта жаңа форматпен өткізіп жатырмыз.

Шара барысында  тікелей эфир арқылы трфансляция жасалды. Тиісінше қабылдауға келе алмаған тұрғындар әлеуметтік желі арқылы өздерінің сұрақтарын қоя алды.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- 2019 жылдың сәуір айынан бастап аталмыш акция аясында өңір тұрғындарынан 2000-нан астам түрлі сұрақтар мен өтініштер келіп түскен. Облыстық Полиция Департаментінің мәліметінше келіп түскен сұрақтар қаралып, халыққа тиісті кеңестер беріліпті. Ауа райының суытуына байланысты енді бұл науқан полицияның фронт офистары мен Нұр Отан партиясының қоғамдық қабылдау алаңында өткізіледі. Ал көктем келісімен яғни күн жылынған соң науқан дәстүрге сай облыстық жолдарда ұйымдастырылатын болады.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ ШУЛАТҚАН  АУЫЛ ӘКІМІ
17:58, 18 қараша 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ ШУЛАТҚАН АУЫЛ ӘКІМІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ
13:10, 18 қараша 2019
ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...