ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАЗАСЫНДАҒЫ ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМШЕСІН АРАЛАДЫ Толығырақ

ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

17:58, 22 қаңтар 2020

«Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК СҚОФ былтыр облыстық және республикалық маңызы бар 322 тас жолға тексеріс жүргізген. Соның 70-ке жуығының сапасы талапқа сай блмай шыққан. Арна тілшілері кәсіпорынның зертханасында болып, жұмыс барысымен танысып қайтты.

Зертхананың бұл бөлігінде қиыршық тастың сапасы тексеріледі. Мұндағы маман оны арнайы електен өткізіп, маркасын анықтайды. Тапсырыс беруші асфальт төсеуге қажетті материалдарды осында әкеліп тексертіп барып жол салуға рұқсат береді.

ГАЛИНА ЖУРАВЛЕВА, ЗЕРТХАНАШЫ:

- Қиыршық тас - асфальттің негізі. Сондықтан оның талапқа сай келуін қадағалу қажет. Мысалы олар 5-10, 10-20. Сынды  әртүрлі фракцияларға бөлінеді. Ең маңыздысы қыиршық тастың маркасы 1200-ден кем болмауы қажет.

Соңғы жылдары халықаралық, республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың салыну сапасы мен оларды қалыпта ұстау бақылауға алынған. Мысалы былтыр «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» облыстық филиалының мамандары 322 жолға тексеріс жүргізіп, 33-і арнайы стандарттарға сай келмейтігін анықтады. Тағы 36 – сының сапасы нашар болып шықты.

ЖОЛДЫБАЙ ТЕНТЕКОВ, «ҰЛТТЫҚ ЖОЛ АКТИВТЕРІ САПАСЫ ОРТАЛЫҒЫ» РМК СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

2019 жылы біздің филиал 322 рет жолға тексеріске шықты. 527 сынама алынды. Сол сынамаға сәйкес 36 ескерту жасалынды. Осы бойынша 22 хат жолданды. Бүгінгі күні барлық сәйкестіктер жойылды. Биыл қаңтар айында 12 сынама алынып, 2 кемшілік анықталды.

Зертханада асфальттің сапасы, яғни төсеме қалыңдығы және тығыздығы тексеріледі. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Ал салынған жолдың ені, биіктігі тапсырыс беруші мен мердігер компания арасында жасалынған келісімшартқа байланысты әртүрлі болады. Тағы бір  маңызды жайт «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» СҚОФ бүгінде жекеменшік кәсіпорын ретінде жұмыс атқарады. Сондықтан тексеріс  жұмыстары тек келісімшарт бойынша жүзеге асырылады.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ, 

 

Тақырып бойынша материалдар

КАРАНТИНДІК ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАН 42 ТҰРҒЫН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
20:38, 6 сәуір 2020
КАРАНТИНДІК ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАН 42 ТҰРҒЫН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТА...
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАЗАСЫНДАҒЫ  ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМШЕСІН АРАЛАДЫ
20:33, 6 сәуір 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАЗАСЫНДАҒЫ ЖАНСАҚТАУ БӨ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ
17:16, 31 наурыз 2020
ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ
Толығырақ...