ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ Толығырақ

ЖОЛДЫ САПАСЫЗ ІСТЕГЕН КОМПАНИЯЛАР СОТҚА БЕРІЛДІ

20:32, 13 тамыз 2020

Былтыр облыстағы жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге  30 млрд теңге қаражат жұмсалды. Алайда жөнделген кей тас жолдардың сапасы сын көтермейді. Мәселен, Қайранкөл-Пресновка және Ялты-Шөптікөл бағыттарындағы облыстық маңызы бар жолдарды тексеру кезінде қаржының желге ұшқандығы анықталды. Әрі жауапты  компания жұмыстарды уақытылы аяқтамаған.  Қазіргі уақытта оларға қатысты іс сотқа жіберілді. Ал биыл облыста қандай автомобиль жолдары жөнделмек? Және бұл мақсатта бюджеттен қанша қаражат бөлінген? Арна тілшілері тарқатсын. 

 СҚО-да 9 мың шақырымға жуық автожол бар.Оның  шамамен 2 мыңы – республикалық маңызы бар тас жолдары.  Өңір автомобиль жолдарының  ұзындығы бойынша республикада Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарынан кейін үшінші орында. Былтыр облыстағы республикалық маңызы бар тас жолдар 11,3 млрд. Тенгеге жөнделсе, жергілікті автомобиль жолдарын қалыпқа келтіруге 18,7 млрд. тенге қаражат  бөлінді.  

МАҚСАТ БАЯХМЕТ,  ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.

Ауд. Былтыр 676 шақырым  автожол жөнделді. жергілікті маңызы бар автожолдардың жағдайы 65% - ға дейін жақсарды. Краснокиевка-Новоберезовка жолдарының 8 шақырымы қайта қалпына келтірілді.  3 324 млн. теңге сомасына 31,6 км автожол күрделі жөндеуден өтті. Ал 12 408 млн. теңге сомасына 356,6 шақырым тас жолға   орташа жөндеу жасалды.

Алайда тексеріс барысында  былтыр жөндеуден өткен жолдардың кейбірінің сын көтермейтіндігі анықталды. Мәселен, Қайранкөл-Пресновка және Ялты-Шөптікөл бағытындағы жол участкелеріне жауапты компания жұмысын уақытында аяқтамаған. Және жолды сапасыз жөнделгені де анықталды.

МАҚСАТ БАЯХМЕТ,  ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.

АУД.Тексеріс барысында жолдың сын көтермейтіндігі анықталды. Және жауапты мамандар жөндеу жұмысын уақытылы аяқтай алмады. Қазір біз осы 2 компанияны сотқа бердік. Тексеру жұмыстары жүргізілуде. Егер кінәларі дәлелденсе лицензияларынан айырылып, жауапсыз компания ретінде қара тізімге кіреді.

Биылғы жылға да жоспар ауқымды. Бюджеттен тас жолдарды қайта қалпына келтіру үшін 40 млрд-қа жуық қаражат бөлінген. 1000 шақырымнан  астам автожолдар мен елді мекендердің көшелері жөндеу көрмек. Және аудандық маңызы бар 355 шақырым жол қайта қалпына келтірілмек. Оның көп бөлігі  М.Жұмабаев, Тимирязев, Ғ.Мүсірепов пен Қызылжар аудандарында екен.

МАҚСАТ БАЯХМЕТ,  ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.

АУД. 12 млрд. 209 млн. теңге сомасына 96 шақырым  республикалық маңызы бар автожолды жөнделеді. Және 264 шақырым  облыстық, 335 шақырым аудандық маңызы бар жол қайта қалпына келтіріледі.  «Ауыл ел бесігі және 2020 жылға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламалары бойынша елді мекендердің 355 шақырымы 8,5 млрд.теңге жөнделмек.

Өткен жарты жылды қорытындылайтын болсақ, қазіргі уақытта жергілікті маңызы бар жолдарға 14,4 млрд теңгеге жөндеу жұмыстары жасалды. Алайда, оның толықтай аяқталу мерзімі, қазан айының соңына дейін.

Ж.Қайыпова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...