ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ЖОМАРТ ЖАННЫҢ ИГІ ІСІ

20:39, 11 маусым 2019

Жамбыл ауданының  мектеп бітіруші 6 түлегіне жергілікті меценат 100 мың теңгесі бар тұрғын үй сертификаттарын табыстады. «Екпін – 2002» ЖШС директоры Екпін Әбиев жомарттық жасап, осылайша бірнеше жылдан бері аудан жастарына қолдау көрсетіп келеді.

Биыл Жамбыл ауданында 108 оқушы мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты. Түлектерді енді алда  қызығы мен шыжығы мол студенттік өмір тосуда. Бүгін олар Жамбыл ауданының орталығы Пресновка ауылында бас қосты. Түлектерді аудан әкімі Мұратбек Әбішев құттықтап, алға қойған мақсаттарының орындалуына тілектес екенін жеткізді.

МҰРАТБЕК ӘБІШЕВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Биылғы түлектердің үшеуі үздік аттестат алса, тағы 6-ы мектепті «Алтын белгіге» тәмамдаған. Оларға облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Екпін Әбиев 100 мың теңгенің тұрғын үй сертификатын табыс етті. Ақшаны ол  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» арнайы есеп ашып, сонда салған.

ЕКПІН ӘБИЕВ, КӘСІПКЕР:

- Жастарға қарап өзімнің бала кезім есіме түседі. Ол кезде жетер – жетпес заман болды. Қаншама қиын – қыстау кезеңді бастан өткердік. Өзіміз қалаған нәрсені алуға мүмкіндігіміз болмады. Сондықтан бүгінгі жастарға аз да болса қолдау жасап, демеу көрсетуді құп көрем. Біз көрмегенді осы ұл – қыздар көрсін.

Кәсіпкердің қолдауына ие болғандардың бірі Железенский орта мектебінің түлегі Даниал Зайкин. Ол оқуын «Алтын белгіге» тамамдап, өзін жақсы қырынан көрсеткен оқушылардың бірі. Даниал спортпен де айналысады. Футбол десе ішкен асын жерге қоятын жігіт, түрлі дейңгейдегі жарыстардың жеңімпазы. Оның айтуынша спорттың оқуға еш кедергісі жоқ. Оған ақшалай сыйлықтан бөлек, спорттағы жетістіктері үшін Санкт-Петербург қаласына жолдама табысталды.

ДАНИАЛ ЗАЙКИН, ТҮЛЕК:

Мектепті «Алтын белгіге тәмамдағаныма өте қуаныштымын. Оқу мен сабақты қатар алып жүруге тырыстым. Бұл қолымнан келді деп ойлаймын. Өйткені спорттық жетістіктерім де бағаланып жатыр.

Мұндай қайырымды шараларын меценат игі дәстүрге айналдырған. Кәсіпкердің айтуынша жастар ел ертеңі, мемлекетіміздің болашағы солардың қолында. Сондықтан оларға жәрдемдесу бұл міндет, әрі парыз дейді.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
18:09, 20 қыркүйек 2019
ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
Толығырақ...
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...