ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

21:36, 17 мамыр 2019

Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жазушы, журналист Жарасбай Сүлейменовтің шығармашылық кеші өтті. Кездесуге замандастары, әріптестері, сондай-ақ, университет және колледж студенттері қатысты.  Шара барысында Жарасбай Қабдоллаұлы жастардың ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Жарасбай Сүлейменов 1949 жылдың 7-інші шілдесінде Солтүстік Қазақстан облысының Шал Ақын ауданына қарасты Балуан ауылында дүниеге келген. Ол Солтүстік Қазақстан облыстық газетінде, облыстық телеарнада түрлі қызметте еңбек етті. 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі4-ші шақырылымының депутаты болды. Жазушы туған жер, тарих туралы 30-шақты кітап жазған. Шығармалары негізінен шытырман оқиғаларға құрылған.  «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінде, «Жалын», «Жаңа Сарыарқа» журналдарында жарияланған. «Көмескі із» атты хикаят пен әңгімелер жинағының, «Еменнің иір бұтағы», «Сөнбейтін шырақ», «Дала-бесік» атты кітаптардың авторы.

ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, «SOLTÚSTІK QAZAQSTAN» ОБЛЫСТЫҚ ГАЗЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Қоғамда үлкен өзгерістер болып жатыр. Осындай құбылыстардың арасында адасып қалмай, адал жолын табу үшін еліне халқына адал қызмет ету үшін жастар аға ұрпақтың өнегесіне бой ұруы керек деп ойлаймын.Біз өзіміз кезінде сол ағаларымыздан тәлім тәрбие алдық, солардың жолымен жүрдік. Сөйтіп өзіміз шама шарқымызша халыққа, елге ұлтымызға қызмет еттік. Осы іс алдағы уақытта жалғасын табу керек.

Сонымен қатар, шығармашылық кешкеЖарасбай Қабдоллаұлыныңзамандастары мен әріптестері де қатысты. Солардың бірі - Нұрсайын Шәріп. Оның сөзінше, осындай шығармашылық кештер өскелең ұрпақ үшін маңызды.

НҰРСАЙЫН ШӘРІП,. АҚЫН, ЖУРНАЛИСТ, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Мен 1996 жылы телестудияға журналист болып келдім. Сол кезде Радионың директоры осы Жәкең болатын. Жәкеңнің қарамағында қызмет істедім. Одан кейін «Soltústіk Qazaqstan» газетіне ауысқан кезде осы Жәкеңнің көмегі, ақыл-кеңесі көп тиді деп есептеймін. Біздің Қызылжар өңірі ақын, жазушылардың отаны деп есептейді. Тарихи тұрғыда дәлелденген дүние. Осындай кештердің өткізілуі өте маңызды деп есептеймін.

Дәулет Құрмаш- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ университетінің студенті, әрі Е.Асқаров атындағы ақындар мектебінің мүшесі. Ол жастайынан Жарасбай Сүлейменовтың шығармашылығымен сусындап өскен.

ДӘУЛЕТ ҚҰРМАШ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ СТУДЕНТІ:

- Сол кісіден тәлім тәрбие алып жүрміз. Алла қаласа биыл 70-жасқа аяқ басып отыр. Маған жалпы Жарасбай ағамыздың осы қазақ әдебиетіне қала келгені қатты қызықтырады. Алғаш рет қашан қолына қалам ұстағаны жайлы бүгін білгім келіп осы кешке келіп отырмын.

Айта кету қажет, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар