ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫННЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҮЗЕЛЕДІ Толығырақ

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

17:33, 26 наурыз 2020

Елімізде «Біз біргеміз!» республикалық акциясы өтіп жатыр. Оның аясында кез-келген адам жалғызілікті қарттарға, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге көмек қолын соза алады. Бұл игі істен «Қызылжар» орталық мешіті жанындағы «Зекет» қайырымдылық қорының өкілдері де шет қалмады. Олар облыс орталығындағы мұқтаж 15 отбасыға азық-түлік пакеттерін таратты. Әріптесім толықтырсын.

«Қызылжар» орталық мешіті жанындағы «Зекет» қайырымдылық қорының өкілдері әзірлеген қайырымдылық пакетіне қарақұмық, күріш, ұн, күнбағыс майы, сондай-ақ тәттілер енді.

КЕНЖЕТАЙ БАЙКЕМЕЛҰЛЫ, «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:

«Бұл-қайырымдылық. Қайырымдылық қай уақытта болмасын елдің басында бейбіт заман болсын, не болмаса, осындай карантин уақыты болсын адамдардың бір-біріне деген қайырымдылығы үзілмеу керек. Сондықтан «Біз біргеміз!» деген өзінің аты айтып тұрғандай қандай кезеңдерде болмасын біз өзі жетімін, жесірін жылатпаған халықпыз ғой. Сондықтан осындай қайырымдылық акциясы бұндай жағдайда керек. Және беруіміз керек деген ниеттеміз.»

«Қызылжар» орталық мешіті көпбалалы аналар мен тұрмысы төмен отбасылардың үйлеріне арнайы барып, азық-түлік пакеттерін таратты. Ал, олар өз кезегінде ризашылықтарын білдірді.

ЖІБЕК МАҚАШОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

«Жолдасым екеуміз 6 бала тәрбиелеп отырмыз. Үйді жалдап тұрамыз. Сондықтан қиындықтар жоқ емес, бар. Шынымды айтсам, бізге осылай келіп, көмектеседі деп ойлаған жоқ едім. «Қызылжар» орталық мешітінің өкілдеріне алғысымды білдіремін. Қуанып қалдық.»

Сондай-ақ, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай Байкемелұлы бастаған имамдар бүкіл әлемді алаңдатып отырған коронавирус жұқпалы індетіне қатысты Алладан халқымыздың амандағы мен тыныштығын тілеп, дұға жасады. Науқастардың тез айығып кетуін тіледі. Қайырымдылық іс-шарасы алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

1 МАУСЫМНАН БАСТАП БЛОК-БЕКЕТТЕР АЛЫНДЫ
13:05, 1 маусым 2020
1 МАУСЫМНАН БАСТАП БЛОК-БЕКЕТТЕР АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар