ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

ЖҰМЫСКЕР ӘЙЕЛДЕРДІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

17:57, 11 қыркүйек 2019

Петропавлда «Еңбегі жанған арулар» атты жұмыскер әйелдердің форумы өтті. Шараға Қазақстанда іскер әйелдер қауымдастығының негізін қалаған  Раушан Сәрсембаева келіп, мемлекеттік емес ұйымның 25 жылдығына орайластырылған  форумға төрағалық етті. Түрлі салада біраз жыл нәтижелі еңбек еткен әйелдер  сала үздігі атанып, дипломдарға ие болды.     

Іскер әйелдер  қауымдастығы  белгілі бір салада еңбегі жанып, биік жетістіктерге жеткен қыз-келіншектердің мәртебесін арттырып отыратын мемлекттік емес ұйым.  25 жыл ішінде Қауымдастық талай іс тыңдырып үлгерді.  Бүгін елімізде шағын және орта бизнесте табысты еңбек етіп жүрген әйелдер жетерлік.

РАУШАН СӘРСЕМБАЕВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Қоғамның барлық саласында әйелдердің еңбегі өлшеусіз. Экономикадаға ғана емес, саясат пен басқару жүйесінің барлық деңгейінде әйелдерді маңызды шешімдерді қабылдауға қатыстыруға септесу бұл біздің бірінші мақсатымыз. Екінші мақсатымыз:  солтүстік Қазақстан облысының әйелдерін нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда біріктіру.  

Форум жұмысына өңірдің көшбасшы әйелдерімен қатар, Нұрсұлтан, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар,Тараздан  қонақтар келді. Шараға  Канн кинофестивалінде «Үздік актриса» атанған жерлесіміз самал Есләмова да құрметті қонақ ретінде шақырылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат тасмағамбетов жиналғандарды Форумның ашылуымен құттықтады.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Елімізде гендерлік саясат мәселесіне зор көңіл бөлініп отырады. Оның айғағы осы жиын. М. Әуезовтың «Ұлт болам  десең, бесігіңді түзе» дегені сол бесікті тербететін әйелдер ролімен тікелей байланыста.  Қай қоғамда да әйелдің арқалаған жүгі  жеңіл емес. Заманауи әйел отабысы мен қызметті қатар алып жүрген тұлға. Еліміздің өркендеу жолында аянбай қызмет жасап жүргеніңізге ризашылығымды білдіремін.  

Бір айта кетені, еліміздің жалпы ішкі өнім көлемінің 39 проценті әйелдер еңбегінің нәтижесі.  Қауымдастықтың бастамасымен «Жәрдем» және «Іскер ана» жобалары жүзеге асырылуда. Олар көп балалы аналарға өз ісін бастауда көмек көрсетеді.  Саясат саласындағы әйелдерің үлесін арттыру мақсатында «Көшбасшылық мектептер» ашылып, нәтижелі жұмыс істеп келеді. Форумда үздік кәсіпкер, сүт зауытының үздік операторы, үздік сылаушы, үздік режиссер,  үздік спортшы және тағы басқа аталым бойынша марапаттар берілді.  Qyzyljar арнасы директорының орынбасары Баян Қалиева да өз саласының үздігі атанып, дипломға  ие болды.

Іскер әйелдер қауымдастығының президенті, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат мәселелері бойынша Ұлттық Комиссияның мүшесі Раушан Сәрсембаеваның қолынан дипломға ие болғандардың қатарында Заида Мұхтарова да бар. Ол 2016 жылдан бері фермерлік шаруашылықты басқарып, егіншілікпен айналысып келеді.

ЗАИДА МҰХТАРОВА, «ЗАИДА» ФҚ БАСШЫСЫ, АҚЖАР АУДАНЫ:

- Әрине егіншілік ер адамдардың жұмысы. Басында өте қиын болатын. Бірақ мен өз күшімді сынаймын деп бұл салаға келіп, оң нәтижесін көргеннен кейін, ары қарай бұл бағытта даму керектігін түсіндім. Еш өкінбеймін. Бұл менің сүйікті ісім.

Салтанатты  рәсімнен кейін форумның жұмысы сессияларға бөлінді.      

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІР ШАРУАЛАРЫ ЕЛОРДАҒА ЖӘРМЕҢКЕГЕ БАРАДЫ
18:04, 17 қазан 2019
ӨҢІР ШАРУАЛАРЫ ЕЛОРДАҒА ЖӘРМЕҢКЕГЕ БАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар