ШҰҒЫЛ! 1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН 3 МЛН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

20:36, 4 қараша 2019

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті 9 ай аралығында 34 тексеріс жүргізіп, 231 заң бұзушылықты анықтады. Нәтижесінде  жалпы сомасы 505 мың теңгеге  23 әкімшілік хаттама толтырылды. Шағымдардың көпшілігі өтініштерді қарау тәртібін, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы заңнама нормаларын бұзуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикаларын сақтамауға қатысты түскен.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, мемлекеттік басқару жүйесіне білімді адамдар ғана келуі тиіс. Өңір бұл қағиданы ұстанып келеді, соның негізі ретінде департамент басшысы ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша қабылданады.    

ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ   АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде талантты жастар үшін Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 549 үміткер «әлеуетті бағалау» деген келесі кезеңге өтті. Оның арасында 8 солтүстікқазақстандық бар. Резервке қабылданғаны жайында Ұлттық комиссия мәлім етеді.

Жалпы СҚО бойынша  лауазымдық орындардың  12 % бос тұр.  Ал мемлекеттік  қызметтен кеткендердің саны биыл 150-ден асады. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Е.Степаненконың мәліметіне сүйенсек, жыл басынан 3 млн астам мемлекеттік қызмет көрсетілген, соның 63% электронды түрде.

ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ   АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ғ. Мүсірепов ауданындағы ТКШ бөлімінің басшысы жұмыстан тыс уақытта жеке автокөлікті мас күйінде басқарған. Осыған байланысты ісі тәртіптік кеңесте қаралды. Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы да мас күйінде қызметтік автокөлікті басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жалпы, 2019 жылдың 9 айында әдеп жөніндегі өңірлік кеңестің 8 отырысы өткізіліп, 56 мәселе қаралды.

Департамент басшысының айтуынша, аталмыш екі фактіге қатысты әдеп жөніндегі кеңес  жұмыстан босату түрінде тәртіптік жазаны қарастырған.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦЕЙЛЕР АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
17:55, 28 ақпан 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАР МҮГЕДЕКТЕР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ?
17:51, 28 ақпан 2020
ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАР МҮГЕДЕКТЕР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:57, 24 ақпан 2020
ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
СҚМУ СТУДЕНТТЕРІ ЕКІ ДИПЛОМ АЛЫП ШЫҒА АЛАДЫ
20:40, 26 ақпан 2020
СҚМУ СТУДЕНТТЕРІ ЕКІ ДИПЛОМ АЛЫП ШЫҒА АЛАДЫ
Толығырақ...