ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 61 ӨРТ БОЛДЫ

20:40, 17 ақпан 2020

2020 жылдың басынан облыс аумағында 61 өрт тіркелді.  тілсіз жаудан 8 адам  қаза тапса,  оның ішінде екі бала бар. Жалпы, 2019 жылмен салыстырғанда    36%-ға төмендеу байқалады. Бұл жөнінде   сала  мамандары айтты. Сондай-ақ, 16 ақпанда  Петропавлдағы Кошуков көшесі, 7 мекен-жайы бойынша көп қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шықты. Салдарынан әйел қаза тапты.

Әзірге өрт отты абайсыз пайдаланудың салдарынан болуы мүмкін деген болжам жасалуда. Қызыл жалын төсек-орын мен жиһаздарды жалмады. Отты ауыздықтауға 6 бірлік техника мен жеке құрамның 16 адамы жұмылдырылды.

СЕРІК НАУРУЫЗБАЕВ, СҚО ТЖД БАСҚАРМА ОРЫНБАСАРЫ:

- Өрт сөндіруге бірінші өрт сөндіру бөлімшесі барды. Жанып жатқан пәтерден 1936 жылы туған үй  иесінің денесі табылды.  Мәйітті көршілер анықтап, шығарған.  Отты сөндіруге  полиция қызметкерлері де көмектесті. Аталмыш үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...