ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 18 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН ЖОЛДА ҚАЛҒАН 224 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

13:05, 24 қаңтар 2020

ТЖД мамандарының мәлімдеуінше жыл басынан бері жолда қалған 74 техника шығарылып, 224 адам құтқарылды.Оның 29 бала. Қазіргі таңда облыстың автожолдарындағы жағдай бірқалыпты. Дегенмен, Айыртау, Мүсірепов, Шал ақын және Тимирязев аудандарында боран әлі күнге дейін толастар емес.

Тек соңғы бір тәулікте 50-ден астам адам қар құрсауынан шығарылды. Оның 9-ы бала. Жалпы, жыл басынан бері өңірде 15 дауылды ескерту жарияланды. Осыған орай құрамына полиция және төтенше жағдай департаментінің мамандары кірген облыстық штаб құрылды. Жолдарды қардан тазалауға 105 техника жұмылдырылды. Аудандық және республикалық маңызы бар жолдарда 301 жылыту пункті жұмыс істеп тұр.

РАМИЛЬ КАМАЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ:

- Облыстың оңтүстік-батыс аумағындағы жағдай қиын. Республикалық маңызы бар жолдардың 6 учаскесі жабылды. 4  ауданда  жергілікті жолдарда автокөліктердің жүруіне шектеу қойылды. Циклонның әсері сенбіге дейін сақталады. Осыған байланысты барлық күштер жұмылдырылды. Жол полициясы қызметі, жергілікті атқарушы билік өкілдері ескертілді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...