ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ӨҢІРГЕ 169 ДӘРІГЕР КЕЛЕДІ

18:02, 5 қыркүйек 2019

Облыстық онкологиялық диспансерге екі бірдей жаңа дәрігер келді. Оқу орнын енді бітірген жас мамандар қатерлі ісік індетімен күреспек. Бүгінде өңірде 10 мыңнан астам адам онкологиялық диспансерде есепте тұр. Дерттің таралуы бойынша облыс еліміз бойынша алдыңғы орындарда келеді.

Анель Асқандирова Алматыдағы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетін онколог – маммолог мамандығы бойынша аяқтаған. Одан бөлек 2 жыл хирургия мен онкология бойынша резидентураны тәмамдапты. Екі апта бұрын жұмысқа кіріскен жас маман бас онкологқа ота жасау барысында көмектесіп тәжірибе жинақтап жүр. Ал жеңіл операцияларды өзі жасай береді екен.

АНЕЛЬ АСҚАНДИРОВА, ОНКОЛОГ-МАММОЛОГ, ХИРУРГ:

- Мектептен дәрігер болуды армандайтынмын. Онкология бағытын таңдауымның себебі, отбасымызда да қатерлі ісікпен ауратын адам бар. Сондықтан аурудың осы түріне шалдыққан науқастарды емдеп, жазуға бел будым. Қазір бас дәрігерге көмектесіп, тәжірибе жианықтап жүрмін. Арасында сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққандарға жеңіл оталар жасаймын.

Бүгінде облыста барлығы 1402 дәрігер мен 5086 медицина маманы бар. Деседе бұл салада кадрлар жетіспейді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше өңірге әлі 230 дәрігер қажет. Сондықтан облыс оратылығы мен аудан, ауылдарға баратын мамандарға әлеуметтік көмек пен баспана қарастырылып отыр. Онкологиялық диспансерге келген тағы бір жас дәрігер Айнұр Даниярова. Оның мамандығы дәрігер – химиотерапевт.

 АЙНҰР ДАНИЯРОВА, ДӘРІГЕР-ХИМИОТЕРАПЕВТ:

Астана медициналық университетін тәмадап келдім. Ішкі аурулар бойынша интернатурада оқыдым. Жалпы 9 жыл бойы осы бағытта білім алдым. Енді өз білгенімді іс жүзінде қолданып, адамдардың өмріне араша түссем деген ниетім бар. 

Биыл облыс 169 дәрігерді қабылдамақ, олардың 86 – сы ауылды жерлерге жіберіледі. Жас мамандардың 26-сы келіп, жұмысқа кірісіп кетті.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
13:13, 15 қазан 2019
БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар