ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

ЖЫЛУ ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛДАР ҚАЖЕТ ПЕ?

17:59, 20 шілде 2018

Көпқабатты  тұрғын үйлерде  орнатылатын жылу есептегіш құралдарын  4 жылға бөліп төлеу арқылы сатып алу  мүмкіндігін беретін мемлекеттік бағдарламаның мерзімі биыл аяқталады.. Монополистердің алдында  мемлекеттік бағдарламаны толығымен орындау міндетті тұр. Сондықтан олар тұрғындарды 1 қарашаға  дейін, жеңілдік беретін бағдарламаға міндетті түрде қатысуға шақырады.  

1 қарашадан бастап жылу есептегіш құралдарын мемлекеттік бағдарлама арқылы сатып алуға үлгермегендер  толық сомасын бірден төлеп қана ала алады. Құны қомақты құрылғыны 4 жылға бөліп төлеу әзірге мүмкіндік бар.  «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директоры Мағауия Сағандықовтың айтуы бойынша мемлекеттік бағдарламаны міндетті түрде орындау қажет.

МАҒАУИЯ САҒАНДЫҚОВ, «СЕВКАЗЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Жылу есептегіш құралдарын орнату бағдарламасы монополистердің еріккенінен туындаған жоқ. Бұл мемлекеттік бағдарлама. Тағы айтамын. Кез келген жағдайда да соңына дейін орындалады. Яғни қаланың барлық көпқабатты үйлерінде міндетті түрде  есептегіш құралдар орнатылады. Сондықтан беріліп жатқан жеңілдікті пайдаланып алған дұрыс. 

Монополистердің айтуынша, жылу есептегіш құралдарының артықшылығы басым. Ең бастысы  үйдегі жылу температурасын реттеп, коммуналдық шығындарды азайтуға көмектеседі. Айталық, құрылғы орнатқандар өткен жылы бір шаршы метр үшін 75 теңге 82 тиын төледі. Ал жалпы шаһар бойынша  тариф 128 теңгені құрап отыр.  Мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндігін қаладағы 382 көпқабатты баспана тұрғындары пайдаланып үлгерді.

ГҮЛНӘР КӘРІБАЕВА, «МИГ СКО» ПИК ТӨРАҒАСЫ:

Менің қарамағымда 7 үй. 2014 жылдан бері жылу есептегіш құралдарын орната бастадық. Нәтижесінде жылуға төленетін ақшаның 60 пайызын үнемдей алдық. 1 жылдың ішінде қондырғы бағасының 50 пайызын жаптық. Өте қолайлы.

Бір айта кететіні, 2019 жылдың басынан жылу энергиясының тарифі көтеріліп, 140 теңгені құрамақ.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, жылу есептегіш құралдар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
20:11, 16 желтоқсан 2018
ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
Толығырақ...
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:08, 16 желтоқсан 2018
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...