ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

17:16, 18 қыркүйек 2020

Петропавлда жылыту маусымы басталды. Бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандарға – балабақшаларға, оқу орындары мен емдеу мекемелеріне жылу беріледі. Жалпы, облыс орталығында жылу былтыр да осы уақытта беріліп, биыл сәуірдің 30-ы аяқталған еді.

Петропавл қалалық әкімдігінің қаулысына сәйкес 18 қыркүйектен бастап өңірде жылыту маусымы басталады. Бұл жұмыс кезең-кезеңмен жүргізілмек. Әлеуметтік нысандардан кейін көпқабатты тұрғын үйлер қосылады. Онда да жылыту маусымына дайындық құжаты және жылу қуаты есептегіштері бар баспаналарға басымдық берілмек. Сонымен қатар, 68 үй жылыту маусымына дайын емес, атап айтқанда құбырларды жуып-шаю жұмыстарын жүргізбеген. Бұл үй тұрғындарына жылу соңғы кезекте беріледі.

РУФИЯ МҰСТАФИНА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ  ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

«Сапалы жылумен жабдықтау мақсатында бекітілген кестеге сәйкес жылу жүйелі түрде қосылады. Бірінші кезекте жылумен жабдықтауға әлеуметтік маңызы бар нысандар қосылады. Қоғамдық нысандардан кейін жылыту қала тұрғындарының пәтерлерінде пайда болады. Әрі қарай әкімшілік ғимараттар қосылады. Бүгінгі таңда 1022 көппәтерлі тұрғын үй жылу қабылдауға техникалық тұрғыдан дайын.»

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...