ШҰҒЫЛ! ЕЛ МЕДИЦИНАСЫ ҮШІН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ Толығырақ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

20:37, 18 қыркүйек 2019

Биыл Петропавлда жылыту маусымы жылдағыдан ерте, қыркүйектің 20-сы басталады. Ең алдымен әлеуметтік маңызы бар нысандарға жылу берілмек. Облыс орталығы бұл маңызды жұмысқа әзір ме? «Петропавл жылу желілері» ЖШС-нің мамандары журналистер мен қоғам белдесінділеріне пресс-тур ұйымдастырды. Нұрбол Балғабеков сабақтасын. 

«Петропавл жылу желілері» ЖШС №3 жылу магистралінде құбырлардың сырты пенополиуританмен қапталып жатыр. Бұл - жылу энергиясын үнемдеуге сеп болмақ. Жұмыс қараша айында аяқталады деп жоспарланған. Айта кету қажет, кәсіпорын бұл мақсатқа 43 млн теңге қаржы бөліпті. Қазір монтаждау жұмыстарының 45 % орындалды.

ВИТАЛИЙ ХОЛОША, «ПЕТРОПАВЛ ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ» ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ:

- Биыл құбырларды пенополиуританмен қаптап жатырмыз. Бұрын, біз бұл мақсатқа минералды мақтаны қолданатынбыз. Оның жылу ұстау сапасы төмен. Бұл- ең алдымен кәсіпорынның шығынын төмендетеді. Және тұрғындарға түсетін салмақты да азайту үшін жасалған.

Жамбыл көшесінің бойында да жұмыстар қызған. Мұнда ұзындығы 630 м құрайтын құбыр күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, Жамбыл көшесінен Кеншінбаев көшесіне дейінгі су тарату желілерінің бір бөлігі ауыстырылыпты. Барлық жасалған жұмыстардан кейін абаттандырылып,  жаңа асфальт төселді.

РАУШАН КШУКОВА, «ПЕТРОПАВЛ ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ» ЖШС УЧАСКЕ ШЕБЕРІ:

Қазір, бұл учаскеде құбырлардың сыртын қаптап жатырмыз. Жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда, бұл жерде 3 адам еңбек етуде.

 Брусиловский, Совет және С.Мұқанов көшелерінде де жаңа жылу құбырлары орнатылмақ. Мұнда құбырдың диаметрі 300-ден 400-ге дейін артады. Әзірге жұмыстың 25 %-і ғана аяқталды.  Егер жылыту маусымына дейін үлгермесе,  мұнда уақытша құбырлар орнатылады. Жылу құбырларының сапалы ауыстырылуын бақылауға алған қоғам белсендісі, облыстық ардагерлердің тұрақты комиссиясының төрағасы Амангелді Кенжегузиновтың серіктестік атқарып жатқан жұмыстарға көңілі толмады.

АМАНГЕЛДІ КЕНЖЕГУЗИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕРДІҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


- Бұл-уақытша жұмыс. Мен оларға кінә қойып жатқаным, уақытша болмау керек.

Солтүстік қазақстан облысы жылыту маусымына қосылуға 98 %-ке дайын. Әлеуметтік маңызы бар нысандарға жылу биыл  20-шы қыркүйек күні беріле бастайды.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

СҰЙЫТЫЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗ ТАСЫМАЛДАЙТЫН  АВТОПАРК АШЫЛДЫ
18:09, 20 қараша 2019
СҰЙЫТЫЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗ ТАСЫМАЛДАЙТЫН АВТОПАРК АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар