ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

20:35, 28 шілде 2020

Жылыту маусымына небәрі 2 айға жуық уақыт қалды. Өткен жылдың қателігін қайталамас үшін қысқы жылыту маусымына алдын-ала дайын болу қажет. Бұл мәселе бүгін  облыстық әкімдігінің жиынында көтерілді.  Тақырыпты әріптесім жалғастырсын.

Петропавлдағы екінші жылу электр орталығында 12 қазандықтың 5і, 7 турбинаның үшеуі жөнге келтірілді. Алдағы уақытта тағы 2 қазандықпен, 2 турбина ауыстырылмақ.  Сондай-ақ, қоймада әзірге 132т көмір бар, жылыту маусымы басталғанға дейін, мамандар қойма бірмаша толатынын мәлімдеді.

ӘДІЛБЕК ӘУБӘКІРОВ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Алдағы жылыту маусымында бюджеттік мекемелер 145мың т көмірге мұқтаж. Бүгінгі күні аудандарға 80мыңнан аса тонна көмір жеткізілді.  Уәлихан, Есіл, Жамбыл аударының әкімдіктері тезарада жаңадан әкелінетін көмірді сақтау үшін орын дайындауларыңызды сұраймын. 

Облыста 500 қазандық бар, оның 200ден астамы жылыту маусымына дайын. Ал,Тайынша, Жамбыл, Уәлихан аудандары қысқа дайындалуға асықпайтын сыңайлы.  Сондай-ақ, өңірде 20-дан аса орталықтандырылған қазандық жөндеу жұмыстарын қажет етіп отыр. Басқа аудандарға қарағанда, Айыртау және Ақжар аудандары бұл жұмыстар мүлдем басталмапты.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Әділбек Бағдатұлы аудан әкімдерімен бірге жылдың соңына дейін бүкіл олқылықтарды жоюға тырысыңыз. Сізден сұрайтын боламын.  Біз бұл жобаларға қыруар ақша бөліп отырмыз. Бұл өте ауқымды, маңызы бар мәселе.

Ал, қала бойынша мемлекеттік мекемелерде қысқы дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Мәселен, шаһар басшысы Болат Жұмабеков жылыту маусымына дайындықты, әдеттегідей 10 қыркүйекте емес, 1 қыркүйекте аяқтауды жоспарлап отыр.

БОЛАТ ЖҰМАБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жылыту маусымына дайындықты қыркүйектің 10-қарай аяқтаған уақытта, үнемі мәселелер туындап, қайта тексеру, жөндеу секілді мәселелер туындап жатады. Сондықтан ертерек аяқтауды көздеп отырмын. Бұл шешіммен барлығы келіседі деген ойдамын. 

Петропавлда 1 мыңнан аса тұрғын үй орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған. Оның 280і жылыту маусымына дайын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 70 тұрғын үйге артық.  Құбырлардың беріктігі мен тығыздығын тексеру үшін 10 серіктестік айналысуда.  Сондай-ақ, биыл 17,5 шақырым жылу желісін жөндеуге және оны салуға 6,8 млрд. теңге бағытталған. Крепостная,Совет, Алматы көшелерінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде.  Сондай-ақ, қала орталығы мен «Береке» ықшам ауданы арасын байланыстырушы жылу магистралінің құрылысы аяқталуға жықындап қалды. Оның ұзындығы 5 шақырымнан асады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бұл жобаның арқасында қаланың кез-келген шағын ауданында апаттық жағдай туындаған кезде, олар жылусыз қалмайды. Бұл резервтік желілер бойынша қамтамасыз етілетін болады.Тұрғындарымыздың үйлері жайлы әрі жылы болады. Бұл дегеніміз, температура режимін бұзу туралы шағымдар аз болады, Қазірдің өзінде, 2019 жылмен салыстырсақ жылу жүйесіне сәйкес шағымдар 40 пайызға азайған.

Жылдар бойы алғаш рет ауылдық жерлерде де ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Саумалкөл, Бескөл, Тимирязев ауылдарында ,  Мамлютка және Тайынша қалаларында жұмыс істеп тұрған орталықтандырылыған қазандықтарды жөнделуде және жаңа қазандықтар салынады. Бұл 13 мыңнан астам адам  жылумен қамтылады деген сөз. Биоқазандықтарды орнату оң әсер беруде. Мәселен,  аталмыш жылыту жүйесі арқылы бюджеттік ұйымдар  23 мың тоннадан астам көмірді және 220 млн.теңге үнемдеді. Биыл тағы 17 қазандық ортану көзделіп отыр. Бұл тағы 50 млн.теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
17:20, 7 тамыз 2020
СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...