ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДЫ СУМЕН ҚАМТУ Толығырақ

ЗІМБІР ТАМЫРЫ, ЛИМОН МЕН САРЫМСАҚТЫҢ БАҒАСЫ ШАРЫҚТАДЫ

20:43, 31 наурыз 2020

Өңірде зімбір тамырына, лимон мен сарымсаққа баға бірнеше рет өсті. Көкөніс, жеміс-жидек сататын саудагерлердің айтуынша, баға соңғы 3-4 күнде шарықтап кеткен. Мәселен сауда орындарында бірер апта бұрын лимонның келісі 600 теңге шамасында болса, кеше жеміс 1800 теңгеден саудаланды. Ал бүгін бағасы тіпті аспандап, 2 мың теңгеден асып кеткен. Кей сауда орындарында 2 мың 400 теңгеден сатылып жатыр. Зімбір тамыры бір апта бұрын 1,5 – 2 мың теңге аралығында тұрса, бүгінде келісі 8 мың мен 10 мың теңге аралығында сатылып жатыр. Зімбір тамыры мен лимонды жұрт вирустық инфекцияларға қарсы өнім ретінде сатып алып жатыр. Әлеуметтік желілерде тараған фейк ақпараттардың ішінде сарымсақтың да короновируспен күресетін керемет қасиеті жайында айтылады. Соған орай оның да бағасы шарықтап кетті.   

ҚҰРАЛАЙ ЖАРОВА, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бұл өнімдер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарына жатпайды. Сондақтан, біз оның бағасын қадағалай алмаймыз. Нарық заңы бойынша сұраныстан ұсыныс туады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар