ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

ЗИЯЛЫ ҚАУЫММЕН КЕЗДЕСУ

20:33, 22 мамыр 2020

Облыс әкімінің жуырда тағайындалған орынбасары  Ғани Нығыметов  өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Жиын барысында ақсақалдардың қоғамдық өмірдегі рөлі мен, ішкі саясат мәселелері көтерілді.

Облыс әкімінің жаңа орынбасарымен кездесу С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада өтті. Жиынға облыстың құрметті азаматтары, ардагерлер кеңесінің мүшелері мен  профессорлар шақырылды. Ішкі саясатты және мәдениет пен спорт салаларын қадағалайтын  басшы, жұмысына кіріспес бұрын қоғамдық өмірге белсенді қатысатын аға буын өкілдерімен танысты.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Облыс әкімінің өкімімен және ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша  мені әкімнің орынбасары етіп тағайындады. Менің сұрақтарым идеологияға қатысты, ішкі саясат, дін мәселесі, ұлт аралық қатынастар. Осы жерде жақсы өзгерістер болады деп сенемін, және өзім ат саласын боламын. Алғашқы кездесуімді сіздермен өткізуді жөн санадым.

Солтүстік Қазақстанда ардагерлердің 700-ден астам бастауыш ұйымы бар. Олардың негізгі жұмысы қарттарымыздың  мүддесі ғана емес, өңірдің саяси, тәрбиелік мәні бар шараларға белсенді ат салысып, кейінгі буынға жол көрсету.   

ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР  КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Елімізде, жерімізде болып жатқан  мәселелерге қатынасып, өз ойымызды білдіріп, тығыз араласып, Президенттің, облыс әкімінің бастамаларын халыққа түсіндіруде біздің ардагерлер алдыңғы позицияда.

Жиынға қатысушылар жас әрі білікті басшымен бірлесе атқарған  жұмыстар алдағы уақытта жақсы нәтиже беретініне сенімді. 

 

      

Тақырып бойынша материалдар

ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР  АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ
17:17, 29 мамыр 2020
ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар