ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

49 ЖАСТАҒЫ ЛЮДМИЛА БУТЕНКО ЕУРОПА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

16:37, 11 қазан 2018

Жерлесіміз Людмила Бутенко Швецияда өткен Еуропа чемпионатынан  жеңіспен оралды. Ол  кіл мықтықталармен сайысқа түсіп еліміздің абыройын асқақтатты. Кекушинкай каратеден ұйымдастырылған турнирдің  кубогын иелеген жерлесімізбен  әріптесім  тілдесіп қайтты. 

Людмила Бутенконың каратемен айналысқанына 10 жыл. Халықаралық жарысқа дейін ол елімізде өткен Республикалық турнирдің жеңімпазы атанған. 49-жастағы спортшы Швецияда өткен сайыста  жалғыз қарсыласы Украиналық спортшыны ұтты. Мықтылардың санатындағы украиндық каратешіні тізе бүктіру оңай болмапты. Осылайша, 20-дан астам каратэші қатысқан жарыста жерлесіміз ел намысын абыроймен қоррғады.

ЛЮДМИЛА БУТЕНКО, КАРАТЕДЕН  ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:

- Дене шынықтырудан сабақ беремін. 14-ші орта мектепте  мектепте шәкірттерімді жаттықтырамын. 2016-жылғы Республикалық турнирдың қола жүлдегері атандым. Швецияда болған жарыста қарсыласым  украиналық каратеші қара белбеудің иесі. Яғни оның біліктілігі менен 1-сатыға жоғары. Сонда да Қазақстандық каратешілер мықты екендерін дәлелдеді.

Қазіргі кезде Петропавлда каратемен шұғылданатын азаматтардың қатары қалың. 1200 спортшы бар. Солардың бірі Аян есімді бозбала. Ол жақында Испанияда  өтетін сайыста  өнер көрсететін болады.

ВЛАДИМИР ВИТЧЕНКО, «КЕКУШИНКАЙ КАРАТЕ ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЙЫМЫ» РҚБ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- Жерелстеріміз Еуропа чемпионатынан енді келді. Қазақстан Ұлттық құрамасы бұл турнирде 2-орынды иеленді. Біз тек қана Швециялық каратэшілерге есе жіберіп алдық. Ұлттық құрамада 3-спортшымыз өнер көрсетеді. Ертең біз көрші Ресей мемлекетінде өтетін турнирге қатысуға барамыз. Онда да кілең мықтылар сайысқа түседі.

Бүгінде карате жастардың сүйікті спорт түріне айналған. Мамандардың айтуынша, облыс жекпе жектің осы түріне баулудан ел бойынша көшбасында тұр.

Асхат ҒАЛИАСҚАРОВ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, каратэ, спорт, Еуропа чемпионы

Тақырып бойынша материалдар

«АСЫҚ АТУ» ОЙЫНЫНАН АШЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
21:20, 12 желтоқсан 2018
«АСЫҚ АТУ» ОЙЫНЫНАН АШЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
20:11, 16 желтоқсан 2018
ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
Толығырақ...
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:08, 16 желтоқсан 2018
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...