ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

«760GREENKM» ЭКО-МАРАФОНЫ ПЕТРОПАВЛДА

13:05, 28 қыркүйек 2020

«760greenkm» экологиялық марафонына қатысушылар Петропавлға жетті. Өткен демалыс күндері әуесқой спортшылар және Алматылық кәсіпкерлер Ғалым Чуашев пен Дмитрий Ким іс-шара аясында облыс орталығының көшелерімен 42 шақырым жүгірді. Келесі бенйематериалға зер салайық.

«760greenkm» экологиялық марафонына қатысушылар Қазақстанның 18 қаласын бағындырып, 760 шақырым жүгіріп өтпек. Осылайша ұйымдастырушылар экологиялық мәселелерге қоғамның назарын аударуды мақсат еткен. Қашықтықы еңсеріп қана қоймай әр қалада олар ағаш көшеттерін отырғызады.  

ҒАЛЫМ ЧУАШЕВ, МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫ:

-  Біз 18 қалада 18 марафон жүгіріп өтеміз деп ойлаймыз. Сол үшін осы марафонды бастадық. Сол километрді қосқанда 760 км шығады. Әр қалада біз ағаш отырғызып, экологиялық сұраққа көңіл аударсақпа дейміз.

Марафон қыркүйектің 20-ы бастау алды. 8 күннің ішінде олар Талдықорған, Өскеме, Семей, Павлодар, Қарағанды, Нұр-Сұлтан және Көкшетау қалаларында болды. Бұл жолы Ғалым Чуашев пен Дмитрий Ким ғана жүгірді, Айдын Сәдібеков жарақаттанып, марафонға қатыса алмады.

ДМИТРИЙ КИМ, МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫ:

- Біздің басты мақсатымыз экологиялық мәселелерді көтеру, халықты саламатты өмір салтын ұстануға шақыру. Экология кез-келген адамның өмірінде маңызды орын алады. Қоршаған ортаны сақтауға шақыру, елдегі экологиялық мәселелерге назар аударту – біздің негізгі мақсатымыз.

Марафонға қатысушыларды солтүстікқазақстандық әуесқой жүгірушілер де қолдады. Жастар қазанның 7-і Алматы қаласында мәреге жетеді.   

Майгүл  СЕЙІЛБЕК

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ГАЗ-ТҮТІННЕН ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
17:21, 12 қазан 2020
ГАЗ-ТҮТІННЕН ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...