ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ Толығырақ

АКРОБАТИКАДАН 6-ШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР

13:07, 13 қаңтар 2020

Өткен демалыс күндері Петропавлда жерлесіміз, Қазақ ССР еңбек сіңірген  жаттықтырушысы Анатолий Ямпольскийді еске алуға арналған  акробатикадан 6 халықаралық турнир өтті.Сайысқа 3 мемлекеттен  250-ден астам  спортшы қатысты.  Турнир 3 күнге жоспарланған.

А. Ямпольский СҚО-да акробатиканың негізін қалаған спортшы. Жаттықтырушыны еске алуға арналған турнир шаһарымызда 1970 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл күні сайысқа қатысушылар спорттық акробатикадан, батутта және акробатикалық жолда секіру бойынша сынға түсті.

РИНАТ БЕЛОГОНОВ, СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКАДАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БЖСМ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бүгінгі сайысқа Өзбекстанның екі қаласынан, Ресей мемлекетінің 7, және Қазақстанның 8 қаласынан келген спортшылар сынға түсіп жатыр. Алдағы 3 күн бойы олардың ептілігі мен төзімділігі және кәсіби шеберліктері бағаланады. Бір қуантарлығы жыл сайын сайысқа қатысушылардың саны артып келеді.

Амалия Давыдова Өзбекстанның намысын қорғап келіпті. Ол сайыстың  ең кішкентай спортшыларының бірі. Бұл  - Амалияның халықара   лық дәрежедегі сайысқа алғаш рет қатысуы. Балақай екі жыл көлемінде аталмыш спорт түрімен айналысып келеді.

АМАЛИЯ ДАВЫДОВА, ҚАТЫСУШЫ:

- Менің жасым 7-де. Өзіме осы спорт ұнайды. Жұбымыз екеуміз жақсы өнер көрсеттік деп ойлаймын. Ешқандай қателік жіберген жоқпыз.

Қазақстан, Өзбекстан мен Ресей елдерінің намысын қорғап келген 250 қатысушының арасында жерлесіміз - Олег Ремигайло да бар. Ол гимнастикалық батуттан секіру бойынша Қазақстанның  еңбек сіңірген спорт шебері. Халықаралық турнирлердің күміс жүлдегері.  Акробатикамен 11 жылдан бері айналысады екен. Болашақта А.Ямпольскийдің жолын қусам деген арманы бар.

ОЛЕГ РЕМИГАЙЛО, ҚАТЫСУШЫ:

- Мені акробатикаға ең алғаш әжем алып келді. менің бойымдағы ептілікті, жылдамдықты байқай білді. Қазір сол кісінің арқасында осындай жетістіктерге жетіп жатырмын. Бүгінде сайысқа қатысып, а халықаралық кезеңде өз бағымды сынап көрудемін. Жүлделі орыннан дәмелімін.

Сайыс 3 күнге жоспарланған. Турнир соңында  ел намысын қорғап жатқан үздік спортшылар Қазақстанның құрама командасына іріктеліп алынады.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАС КАРАТЕШІЛЕР ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ
13:07, 18 ақпан 2020
ЖАС КАРАТЕШІЛЕР ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар