ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО «ТУР ДЕ ФРАНСҚА» ҚАТЫСАДЫ

13:06, 17 маусым 2020

«Астана Про Тим» велокомандасы жаттығуларын қайта бастады. Карантин кезінде оқшауланған әлемдік деңгейдегі құрама алдағы жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр. Егер коронавирусқа байланысты жағдай жақсаратын болса, команда шілде айында екі бірдей жаттығу жиынын ұйымдастырмақ.

«Астана Про Тим» басшылары команданы колумбиялық лидер Мигель Анхел Лопестің айналысында құрмақшы. Ол тамыздың 29 мен қыркүйектің 20 аралығында өтетін «Турде де Франсқа» қатысады. Әлем көз тіккен байрақты бәсекеде Мигельмен бірге жерлесіміз, Қазақстан чемпионы Алексей Луценко да бағын сынайды. Осы орайда жерлес велошабандозбен байланысқа шығып, қазіргі психологиялық және физикалық дайындығы жайлы білдік.

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО, «ASTANA PRO TEAM» ҚҰРАМАСЫНЫҢ ВЕЛОШАБАНДОЗЫ:

- Мен «Тур де Франстан» бөлек көптеген классикалық жарыстарға қатысамын. Қазір мен Испания еліндемін. Қайта жаттыға бастағаныма екі апта болды. Енді шілденің басында командалық жиын өтеді, ол Испания немесе Италияда өтуге тиіс. Сондықтан барынша дайындалып жатырмыз. Дегенмен бұл жоспарлардың барлығы әзірге қағаз жүзінде, егер эпидемиологиялық жағдай оңалса, міндетті түрде мені жарыс жолында көретін боласыздар.

Екі ай жарыс жолына шықпаған жерлес велошабандоз мұндай байрақты бәсекелерді сағынғанын жеткізді. Айта кету қажет Алексей Луценко «Тур де Франс» турниріне осымен 5-ші рет қатысқалы отыр.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
20:53, 7 тамыз 2020
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...
СУДА ЖҮЗУДЕН ЖАСТАРДЫ ҚАПЫ ҚАЛДЫРАТЫН КЕЙУАНА
17:24, 6 тамыз 2020
СУДА ЖҮЗУДЕН ЖАСТАРДЫ ҚАПЫ ҚАЛДЫРАТЫН КЕЙУАНА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...